---
title: "Кремний алқабының ірі компаниялары ЭКСПО-2017 көрмесіне өздерінің жасалымдарын ұсынады"
description: "Published 6.10.2015 www.kazinform.kz АСТАНА. ҚазАқпарат – ЭКСПО-2017 комиссары, ҚР Сыртқы істер ми..."
author: "Green-bridge1"
published: "2015-10-05T21:37:59+00:00"
modified: "2015-10-05T21:37:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kremniy-al-abyny-iri-kompaniyalary-ekspo-2017-k-rmesine-zderini-zhasalymdaryn-synady-564288"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kremniy-al-abyny-iri-kompaniyalary-ekspo-2017-k-rmesine-zderini-zhasalymdaryn-synady-564288/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кремний алқабының ірі компаниялары ЭКСПО-2017 көрмесіне өздерінің жасалымдарын ұсынады

> Published 6.10.2015 www.kazinform.kz АСТАНА. ҚазАқпарат – ЭКСПО-2017 комиссары, ҚР Сыртқы істер ми...

Published 6.10.2015

[www.kazinform.kz](http://www.kazinform.kz/kaz/article/2817964) [!\[ап\](http://gbpp.org/wp-content/uploads/2015/10/%D0%B0%D0%BF.jpg)](http://gbpp.org/wp-content/uploads/2015/10/%D0%B0%D0%BF.jpg) АСТАНА. ҚазАқпарат – ЭКСПО-2017 комиссары, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рәпіл Жошыбаев АҚШ-тың жаңа технологияларды жасау және өндірудің әлемдегі ең ірі орталықтары орналасқан Сан-Франциско мен Кремний алқабына барды. ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ЭКСПО-2017 комиссары Сан-Франциско мэрінің орынбасарымен, «GoogleEarth», «StanfordGlobalThermostat», «ObscuraDigital», «PlanetLabs» компанияларының басшыларымен, сондай-ақ Стэнфорд университетінің ғылыми ортасымен кездесті. Сан-Франциско мэрі Марк Чандлермен кездесу барысында инвестициялық ынтымақтастық пен американ-қазақстандық компаниялар серіктестігінің мүмкіндіктері талқыланды. М.Чандлер «АҚШ-тың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы ел үкіметінің климаттың өзгеруіне қарсы күрес және «жасыл» энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету саясатының қисынды жалғасы болатынын» атап өтті. Сан-Францисконың энергияны үнемдеу технологиялары саласында мойындалған көшбасшы және әлемде «жасыл» қала сертификатын алған бірінші қала екенін есепке ала отыра, ол сондай-ақ Сан-Францисконың қазақстандық ЭКСПО көрмесіне Шанхайдағы көрмеде болғандай жеке павильонмен қатысу мүмкіндігін атап өтті. Кремний алқабындағы кездесуде Р.Жошыбаев американдық компаниялардың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу мүмкіндіктері туралы баяндап берді. «GoogleEarth» басшысы Кейт Брэнт компанияның әлемдегі климаттық өзгерістер бойынша жобалары туралы айта отырып, көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбына үлкен қызығушылығы мен компанияның ЭКСПО-2017 көрмесі әріптестерінің бірі болу мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін атап өтті. К.Брэнттің айтуынша, Google соңғы уақытта әлемдік көрмелерге белсенді қатысып, экологиялық жобаларды қолдап келеді. Мәселен, таяуда компания БҰҰ-ның «Барлығына арналған тұрақты энергетика» бастамасының әріптесі атанды.

http://gbpp.org/kz/2015/10/9114

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kremniy-al-abyny-iri-kompaniyalary-ekspo-2017-k-rmesine-zderini-zhasalymdaryn-synady-564288](https://yvision.kz/kk/post/kremniy-al-abyny-iri-kompaniyalary-ekspo-2017-k-rmesine-zderini-zhasalymdaryn-synady-564288)