---
title: "Кореяда оқу, 100% грант және айлық стипендия"
description: "Уәде бергенімдей, Кореядағы UNIST университетіне түсу мен құжат тапсыру жайлы жазып тұрмын. Бірақ б..."
author: "orambaeva"
published: "2015-02-17T04:20:00+00:00"
modified: "2015-02-17T06:21:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/koreyada-o-u-100-grant-zh-ne-ayly-stipendiya-470384"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/koreyada-o-u-100-grant-zh-ne-ayly-stipendiya-470384/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кореяда оқу, 100% грант және айлық стипендия

> Уәде бергенімдей, Кореядағы UNIST университетіне түсу мен құжат тапсыру жайлы жазып тұрмын. Бірақ б...

Уәде бергенімдей, Кореядағы UNIST университетіне түсу мен құжат тапсыру жайлы жазып тұрмын.

Бірақ біріншіден өзімнің Кореядағы өмірім жайлы айтқым келеді. Кейбір жағдайда университет те көмектесе алмайды.

Біріншіден, ет! Осында ет аз. Біз, қазақ жігіттері, Қазақстанда тұрып күнде ет жеуге үйреніп алғанбыз. Қазақстанға келген кәріс қыз таңдана сұрап еді: «Сендер етті таңғы асқа да жейсіндер ме?» Осында олар көптен түрлі көкөністер мен шөптерді жейді. Сонымен бірге рациондарында теңіз тағамдары көп. Ет оларда бар әрине, бірақ ол көбінесе шошқа еті. Сиыр мен тауық еті бар, бірақ ол қымбат тұрады. Мен үшін осында халал етін дайындайтын кафе мен ресторан табу қиынға соқты. Сондықтан өзіме өзім дайындап жұрмін. Айтпақшы осында тамақ әзірлеуді үйрендім. Интернетте халал етіне тапсырыс беріп сатып аламын.

Екіншіден, ол тіл мен қарым-қатынас. Сеулде ол аса үлкен мәселе емес шығар, өйткені ол жерде көп адам ағылшын тілін меңгерген. Бірақ осында басқаша. Көптеген кәрістерде ағылшын тілінде сөйлеу мәселелері бар.

Үшіншіден, мәдениеттері мүлдем басқа. Жаңа мәдениетпе танысқанда ол барлық адамда болатын сияқты. Басқа ел болғандықтан осыған дайын болу керек.

Және ауа-райы. Осында жауын-шашын көп. Кейде жаңбыр бір аптаға дейінгі уақытқа созылады.

Ал енді құжаттарды тапсыру үрдісіне өтейік, алдымен [осы сайтта](http://studyinkorea.go.kr/en/main.do) тіркелу қажет.

Кейін қарапайым тіркелу басталады. Керек жерде қанатшаны қоямыз. Барлық жерді ағылшынша толтырамыз.

Оны толтырған соң **University&College** басамыз, одан кейін** Overseas application wizard** басамыз.

![Кореяда оқу, 100% грант және айлық стипендия](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/7kDZp4Hh5Op501JlRbsa83SWPi3ito.jpg)

Кейін осыған басамыз.

![Кореяда оқу, 100% грант және айлық стипендия](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/UnIVw0ZBl9QN8w735Ipl90ftg6EEmb.jpg)

Ақпаратты оқығаннан кейін **Go on-line Application** басамыз.

![Кореяда оқу, 100% грант және айлық стипендия](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/sz6XU1k46Q7WYr9EvbYGcsJbywnUw0.jpg)

Engineering немесе Business мектебін таңдаймыз. Егер университетке түссеңіз, сізде басқа оқуға аударылу мүмкіндігі болады.

![Кореяда оқу, 100% грант және айлық стипендия](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/OUUQzEQnzizSj6P9UMxwQWAW38oC9A.jpg)

Кейін қызыл жұлдызшалары бар жерлерді толтырамыз, басқасына қарамауға болады.

![Кореяда оқу, 100% грант және айлық стипендия](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/wl22weR80615fUCcgtAbxmaQhV46h7.jpg)

Осы жерде хабарласатын ақпарат енгізесіз. Пошталық индекс, мекен-жай, телефондар мен email.

![Кореяда оқу, 100% грант және айлық стипендия](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/PdWCTgQGp6AOLbfVs8RFqcEq4k0L2V.jpg)

Ата-ана, бауырлар, сізбен бірге қазір тұрып жатқан туысқандар туралы ақпарат жазасыз.

![Кореяда оқу, 100% грант және айлық стипендия](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/QIydnXI51b2rtxI31S3pX7Cc7s5ZNC.jpg)

Одан кейін соңғы оқыған жеріңізді жазу керек.

![Кореяда оқу, 100% грант және айлық стипендия](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/mWEaDNff6T95pGQtUTfCw83ZxcDg78.jpg)

Ақша төлеудің қажеті жоқ. Барлық енгізілген ақпаратты тексеріп, Submit (тапсыру үшін) немесе Save (сақтау үшін) басамыз.

![Кореяда оқу, 100% грант және айлық стипендия](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/sOMs9rXnR9w5BIk8QJ8F36ZOcJMcIO.jpg)

Посттың [орысша түпнұсқасы](http://yvision.kz/post/470274)

Аударушы – Айжан Орамбаева

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/koreyada-o-u-100-grant-zh-ne-ayly-stipendiya-470384](https://yvision.kz/kk/post/koreyada-o-u-100-grant-zh-ne-ayly-stipendiya-470384)