---
title: "Корея Республикасы Президентінің мемлекеттік сапары..."
description: "Бүгінгі келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея басшылары Бірлескен мәлімдеме жасады. Ал екі елдің ресми делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды: 1. Энергетика саласын дамыту бағытындағы ынтымақтастық туралы келісім; 2. Мұнай-газ..."
author: "orazali"
published: "2024-06-12T09:58:48+00:00"
modified: "2024-06-12T09:58:48+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/koreya-respublikasy-prezidentini-memlekettik-sapary-kezinde-anday-zhattar-a-ol-oyyldy-1005578"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/koreya-respublikasy-prezidentini-memlekettik-sapary-kezinde-anday-zhattar-a-ol-oyyldy-1005578/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Корея Республикасы Президентінің мемлекеттік сапары...

> Бүгінгі келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея басшылары Бірлескен мәлімдеме жасады. Ал екі елдің ресми делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды: 1. Энергетика саласын дамыту бағытындағы ынтымақтастық туралы келісім; 2. Мұнай-газ...

*Бүгінгі келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Корея басшылары Бірлескен мәлімдеме жасады. * ![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/0e8f67c52986d927947824bd047f46.jpg)

Ал екі елдің ресми делегация мүшелері мынадай құжаттарға қол қойды:

1. Энергетика саласын дамыту бағытындағы ынтымақтастық туралы келісім; 2. Мұнай-газ және мұнай химиясы саласындағы ынтымақтастық туралы келісім; 3. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігі арасындағы электр энергетикасы саласындағы жан-жақты ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; 4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрлігі арасындағы маңызды минералдар мен металдар саласындағы жан-жақты ынтымақтастық туралы меморандум; 5. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Корея Республикасының Экономика және қаржы министрлігі арасындағы білім алмасу және даму саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; 6. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Корея Республикасының Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрлігі арасындағы ғылым және технологиялар саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік туралы меморандум; 7. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Корея Республикасының орман шаруашылығы қызметі арасындағы орман шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; 8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Корея Республикасының Персоналды басқару министрлігі арасындағы мемлекеттік қызметтегі персоналды басқару туралы өзара түсіністік туралы меморандум; 9. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Корея Республикасының Жұмыспен қамту және еңбек министрлігі арасындағы жұмыспен қамту және еңбек саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 10. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Корея Республикасының Қаржылық қызметтер жөніндегі комиссиясы және Корея Республикасының Қаржылық қадағалау қызметі арасындағы банктерді қадағалау саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум; 11. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Корея Республикасының Қоршаған орта министрлігі арасындағы Париж келісімінің 6-бабы бойынша ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум.

[t.me/aqorda_resmi](https://t.me/aqorda_resmi)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/koreya-respublikasy-prezidentini-memlekettik-sapary-kezinde-anday-zhattar-a-ol-oyyldy-1005578](https://yvision.kz/kk/post/koreya-respublikasy-prezidentini-memlekettik-sapary-kezinde-anday-zhattar-a-ol-oyyldy-1005578)