---
title: "Кореяға оқуға қалай келгенім жайлы"
description: "Менің Кореяға оқуға келуіме себепші болған хабарлама.aУниверситеттің ескі сайтына кіріп көрсем бұл х..."
author: "gabit7"
published: "2017-01-14T07:08:55+00:00"
modified: "2019-06-24T04:05:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/koreya-a-o-u-a-alay-kelgenim-zhayly-748178"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/koreya-a-o-u-a-alay-kelgenim-zhayly-748178/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кореяға оқуға қалай келгенім жайлы

> Менің Кореяға оқуға келуіме себепші болған хабарлама.aУниверситеттің ескі сайтына кіріп көрсем бұл х...

Менің Кореяға оқуға келуіме себепші болған хабарлама.

![](http://storage.yvision.kz/images/user/gabit7/wM8CiG57Qa49CgsXGP76U1178h2T8S.png)

Университеттің ескі сайтына кіріп көрсем бұл хабалама әлі тұр екен. Сіздер де кіріп оқып көрсеніздер болады.

Томск мемлекеттік радиоэлектроника және басқару жүйесі универсітетінде (ТУСУР) магистратурада оқып жүрген кезімде Кореяға оқуға арналған грант жайлы группаластарымнан естігенмін. Алғашқы кезде дұрыс мән бермеген едім. Бір күні оқу ақысын төлейді, барып-келуге ұшақ билеті алып береді және ай сайын шәкіртақы да беріп тұрады деп естіген соң, толығырақ білгім келді. Исфандияр досым осы хабарландыруды жариялап шақырып отырған унверситетпен эл-почта арқылы хабарласып, керекті құжаттарды және осы бағдарлама жайлы толық мәліметті алып алған екен, бір демалыс күнімді осы бағдарлама мен танысуа арнап, асықпай оқып, танысып шықтым. Ресейді әлі 23-ақпан Отан қорғаушылар күн ғой, сол демалыс күнді пайдаланып оқып шыққан едім. Айтпақшы ол кезде мен ағылшын тілін жақсы білмейтін едім, ол 50 шақты бет қағазды мен гугл аудармамен ерінбей аударып оқып танысып шыққан едім:)) Мен ақылшын тілін білмейімін дейтіндерге жауап, талпынсаңыз, егер ол шынымен керек болма үйреніп те, түсініп те аласыз. Сөйтсем өте тамаша бағдарама екен. Бағдарламаның ағылшынша аты Korean Government Scholarship Program (KGSP). Қазақшаға аударсақ, Корея үкіметінің стипендиялық бағдарламасы. Талапкерлердің (candidate) талабына қарасам, барлығы талаптарын қанағаттандырады екенмін. Сосын бағымда сынап тапсырып көріп едім, сонында осы бағдарламаның жеңімпазы болып шықтым. Аллаға шүкір, жолым қатты болған сияқты =)) Жоғарыдағы хабарландыруды көргенге дейін, Кореяда оқуды еш жоспарламаған болатынмын.

Осы сияқты сіздер де университетте жарияланған осындай стипендиялық бағдарламаларды қарай жүріп, сіз де бағынызды сынап қатысып көрініз. Біреуін болмаса екіншісін ұтым алуларыңыз ғажап емес.

Жиі қойылатын сұрақтар

Оқуға қабылдарда емтихан, тест тапсырдыңыз ба?

Жоқ, тек құжаттар ғана тапсырдым, тіпті интервью де болған жоқ.

Ағылшы не корей тілін білетініңіз жайлы сертификаттарыңыз болды ма?

Жоқ, болған жоқ. Ол кезде мен корей тілін мүлдем білмейтінмін. Ал ағылшын тілін аздап ғана білетін едім. Осында келген соң, бір жыл корей тілі курсын оқыдым. Және арасында демалыстарда өз бетімше ағылшын оқып та біраз көтеріп алдым. Қазір өте жақсы білмесем де, түсініп, өз ойымды айтып жеткізе алатын, сөйлесе алатын орта дейгейде білемін.

Сіз Қазақстанда, Ресейде және қазір Кореяда оқып жатырсыз. Қай жердің оқуы жақсы екен?

Әрине әрайсысының өз кемшіліктері мен жақсы тұстары бар. Бірақ жалпылама айтсам, маған АУЭСтен ТУСУР жақсырақ, ал ТУСУРдан қазіргі оқып жатқан оқу орным жақсырық сияқты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/koreya-a-o-u-a-alay-kelgenim-zhayly-748178](https://yvision.kz/kk/post/koreya-a-o-u-a-alay-kelgenim-zhayly-748178)