---
title: "Korea Spotlight К-поп фестиваліндегі қызықтар"
description: "22 және 23 маусым күндері Алматы қаласы бүкіл әлемдік музыка индустриясының назарын өзіне аудартатты..."
author: "Burkhanova"
published: "2023-06-26T10:52:23+00:00"
modified: "2023-06-26T10:52:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/korea-spotlight-k-pop-festivalindegi-yzy-tar-990740"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/korea-spotlight-k-pop-festivalindegi-yzy-tar-990740/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Korea Spotlight К-поп фестиваліндегі қызықтар

> 22 және 23 маусым күндері Алматы қаласы бүкіл әлемдік музыка индустриясының назарын өзіне аудартатты...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/fffd9419739f4fb960ebfde864d933.jpg)

22 және 23 маусым күндері Алматы қаласы бүкіл әлемдік музыка индустриясының назарын өзіне аудартатты десек болады. Оған себеп: Оңтүстік Кореяның ең танымал инди-әртістері мен жұлдыздары Қазақстанға Korea Spotlight шоукейс-фестиваліне келген болатын. Әлем бойынша түрлі фестивальдерде залдарды лық толтырған DPR IAN осы шараның хедлайнері және арнайы шақырылған қонағы болмақ. Бүкіл әлем бойынша K-pop жанкүйерлерінің кумирі 23 маусым күні көрермендердің алдында өнер көрсетті.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/9f9e87f7ffbfe6b1fa323f65e55849.jpg)

Korea Spotlight екі күнге жалғасты.. Алғашқы күнге панельдік пікірталас жоспарланған, онда қатысушылар бүгінгі ивент-индустрия мен шоу-бизнес үшін маңызды мәселелерді талқылады. Мәселен, әлеуметтік желілерде мықты жанкүйерлер тобын қалай құру керек және жұлдыздарды жарқыратып жатқан кәріс лейблдерінің осынша табысты болуының сыры неде? т.б. қызықты сұрақөтардың барлығына жауап табылды.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/9c600cfe722618dfcc21d9abc922b6.jpg)

Сонымен қатар, бұл жерде жаңа адамдармен танысуға, жаңа іскерлік қарым-қатынас орнатып, сұхбат та жазып алуға мүмкіндік туғанын айта кету керек. Шараның ресми бөлігінде Оңтүстік Кореяның дарынды орындаушылары ТМД және РФ музыкалық бизнесінің сарапшыларымен таныты. Ал екінші күні әртістер мен қонақтар осы маусымның ең жарқын кешіндегі К-pop атмосфераны сезінген болатын.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/67c9eb28839dc2bb3e550d5aadfdf0.jpg)

KOCCA

Корея креативті контент агенттігі (KOCCA) – бұл кәріс контент индустриясын ілгері жылжыту ісін бақылайтын және үйлестіретін үкіметтік агенттік. Ол 2009 жылғы мамыр айында өзара байланысты бес ұйымды, оның ішінде Корея хабар тарату институтын, Корея мәдениет және контент агенттігін, сондай-ақ, Корея ойын-сауық агенттігін біріктіру арқылы құрылған болатын.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/166047/9f659fdfd15cd1c84df8325cc71210.jpg)

KOCCA штаб-пәтері Чолла провинциясының «мәдениет және өнер ордасы» атанған Начжу қаласында орналасқан, бұл қала өзінің жыл сайын наурыз айында гүл ашатын ақ алмұрт ағаштарының самсыған әдемі гүлдерімен де кеңінен танымал.

Бір қуанарлығы, алдағы уақытта K-pop фанаттары үшін жағымды жаңалықтар көп болмақ. Сондықтан, күтіңіздер дегіміз келеді.

#KOCCA

#KoreaSpotlight

#DPRIAN

#концерт

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/korea-spotlight-k-pop-festivalindegi-yzy-tar-990740](https://yvision.kz/kk/post/korea-spotlight-k-pop-festivalindegi-yzy-tar-990740)