---
title: "Конституциялық реформа және Джордж Лукастың «Жұлдызды соғыстар» фильмі"
description: "Бір ой келді, оны әбден талдап шықпай-ақ, тез арада қағаз бетіне түсірілген жазбаммен бөліскім келд..."
author: "yerlan_iskakov"
published: "2017-02-26T01:53:30+00:00"
modified: "2026-01-31T18:52:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/konstituciyaly-reforma-zh-ne-dzhordzh-lukasty-zh-ldyzdy-so-ystar-filmi-757846"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/konstituciyaly-reforma-zh-ne-dzhordzh-lukasty-zh-ldyzdy-so-ystar-filmi-757846/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Конституциялық реформа және Джордж Лукастың «Жұлдызды соғыстар» фильмі

> Бір ой келді, оны әбден талдап шықпай-ақ, тез арада қағаз бетіне түсірілген жазбаммен бөліскім келд...

![Конституциялық реформа және Джордж Лукастың «Жұлдызды соғыстар» фильмі](https://storage.yvision.kz/images/user/yerlan_iskakov/9r6Rf6PHS3w6RXd7EZcKxKoOBT9Au0.jpg)

Бір ой келді, оны әбден талдап шықпай-ақ, тез арада қағаз бетіне түсіріп бөліскім келіп отыр.Бүгін Конституцияға енгізуге ұсынылған өзгерістерді бүкілхалықтық талқылауға берілген мерзімнің соңғы күні екен.Кеше жаңалықтардан ұсынылған өзгерістердің белсенді талқыланғандығы, сөйтіп «бірауыздан» қолдау тапқандығы айтылды.Ал кешкісін, Хабар телеарнасынан атақты "Звёздные войны" деген фильмді көрсетті. Айтпақшы, бірнеше бөлімнен тұратын бұл фильмнің көрсетіліп жатқанына біраз болды.Кеше «**Эпизод III: Месть ситхов»** атты бөлімін көрдік.Фильмде ситхтардың көсемі Канцлер Палпатин Сенат отырысында Галактикалық Республиканың жарқын болашаққа қол жеткізу мақсатында бұдан былай Галактикалық Империя болып қайта құрылатынын жариялайды!Бүкіл Сенат бұл жаңалықты қуана қабылдап, қол шапалақтайды. Бұған куә болған Натали Портманның кейіпкері көңілі мұңға толып, былай дейді: "Азаттық осылай – ду қол шапалақпен - аяқасты етіледі екен ғой..."Осылай...

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/konstituciyaly-reforma-zh-ne-dzhordzh-lukasty-zh-ldyzdy-so-ystar-filmi-757846](https://yvision.kz/kk/post/konstituciyaly-reforma-zh-ne-dzhordzh-lukasty-zh-ldyzdy-so-ystar-filmi-757846)