---
title: "Конституция — мемлекеттің дамуының негізі"
description: "Конституцияның негізгі ережелерін, оның арқасында заманауи, құқықтық мемлекет құруға, ата-бабаларымы..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2016-08-25T07:41:36+00:00"
modified: "2016-08-25T07:41:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/konstituciya-memleketti-damuyny-negizi-708835"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/konstituciya-memleketti-damuyny-negizi-708835/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Конституция — мемлекеттің дамуының негізі

> Конституцияның негізгі ережелерін, оның арқасында заманауи, құқықтық мемлекет құруға, ата-бабаларымы...

Конституцияның негізгі ережелерін, оның арқасында заманауи, құқықтық мемлекет құруға, ата-бабаларымыздың көпғасырлық үміттерін, олардың тәуелсіздік пен еркіндікке ұмтылуын іске асырылғанын жан-жақты түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен 30 тамыз **–** ҚР Конституция күніне орай үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік қызметшілер, ғалымдардың қатысуымен **«Ата Заң – құқықтық мемлекет қалыптастыру жолын белгілеген Қазақстан халқының тарихи таңдауы»** атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Конференция жұмысын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы М.С.Нұртазин ашып, қатысушыларды келе жатырған мерекелерімен құттықтады.

Сондай-ақ, конференцияға үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік қызметшілер және бұқаралық ақпарат құралдары қатынасып, жұмыс барысында департаменттің әкімшілік басқармасы, Орал қалалық Әділет басқармасы, КазИИТУ ғылыми-білім кешенінің, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің өкілдері тақырыптық баяндама жасады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/konstituciya-memleketti-damuyny-negizi-708835](https://yvision.kz/kk/post/konstituciya-memleketti-damuyny-negizi-708835)