---
title: "Конституция кез-келген мемлекеттің басты заңы – сарапшы"
description: "Конституция кез-келген мемлекеттің басты заңы. Мемлекетке басшы болған азаматтар құқықтық іргетастың..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2015-07-17T03:36:00+00:00"
modified: "2015-07-31T03:38:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/konstituciya-kez-kelgen-memleketti-basty-za-y-sarapshy-524138"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/konstituciya-kez-kelgen-memleketti-basty-za-y-sarapshy-524138/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Конституция кез-келген мемлекеттің басты заңы – сарапшы

> Конституция кез-келген мемлекеттің басты заңы. Мемлекетке басшы болған азаматтар құқықтық іргетастың...

Конституция кез-келген мемлекеттің басты заңы. Мемлекетке басшы болған азаматтар құқықтық іргетастың мығым болуына күш салуы керек,-деді Қазақстан заңгері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Зинаида Федотова Strategy2050.kz ақпарат агенттігінің тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында.

«Конституция кез-келген мемлекеттің басты заңы. Мемлекетке басшы болған азаматтар құқықтық іргетастың мығым болуына күш салуы керек. Ал біздің өз мемлекетімізде Елбасының жетекшілігімен бірінші кезекте қолға алған мәселеміз жаңа мемлекеттің Конституциясының тұжырымдамасын талқылау болды»,-деді З.Федотова.

Оның сөзінше, 1993 жылы қабылданған алғашқы Конституция талаптары өтпелі кезеңде өзінің рөлін атқарды.

«Ағымдағы заңнамалар Конституция негізінде қалыптастырылуда, осыған қарай арнайы база қалыптастыру қажет болды. Ол уақытта ағымдағы заңнамалар ҚазССР-дің қолданыстағы Конституция талаптарына қайшы келетін. Осыған байланысты 1995 жылғы Конституцияны қабылдау қажет болды, онда біздің мемлекетіміздің бағыттарының барлық өлшемдері көрініс тапқан»,-деді ғалым.

Айта кетейік, биылғы жылы 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл толады.

«Конституцияны қатаң ұстану – бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру – бұл демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет – Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау». Бір сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деген еді.

Еліміз тәуелсіздігін алған тұста Ата Заңның міндетін Қазақ КСР-ның 1978 жылы қабылданған Конституциясының ескірген нұсқасы атқарған болатын. Сол кездерде қоғамымыздағы жүргізіліп жатқан реформалар үшін бұл Конституция жеткілікті мөлшерде жауап бере алмады. Дүниежүзілік кеңістікте өз орнын табуға талпынған жаңа тәуелсіз мемлекет табысты түрде алға қарай жылжу үшін ескі құқықтық жүйенің заман талабына сай келетін жаңа негіздермен ауыстырылуын қажет етті. 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі жеке дауыс беру жолы арқылы көпшіліктің даусымен Қазақстан республикасының алғашқы Ата Заңын қыбалдады (1 адам қалыс қалды, 2 адам қарсы дауыс берді).

1993 жылғы Конституция Қазақ КСР-ның демократиялық өркениетті мемлекетке көшуінің қажет екендігін көрсетті.

Конституция төрт бөлім, 21 тарау, 131 бап пен өтпелі кезең ережелерінен тұрды. Бұл құжатта конституциялық құрылымның негіздері бекітілді. 1993 жылғы Конституция Президенттің позициясын айтарлықтай күшейтті. Бұл құжаттың қабылдануымен Президент тек қана мемлекеттің емес, сонымен қатар елдің атқарушы билігінің бірыңғай жүйесінің басшысы болды. Кейіннен 1993 жылдың Конституциясы мемлекеттік құрылымды жетілдіріп, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды дамыту жолында құқықтық кедергіге айналды. 1995 жылы көктемде жаңа конституцияны дайындау жұмыстары басталды. 995 жылы өткізілген дауыс беру нәтижесі бойынша, қатысушылардың 89 пайызы жаң Конституция үшін дауыс берді Қазақстан республикасының 1995 жылғы Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан тұрады. Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екендігі, мемлекеттің ең жоғарғы құндылығының адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандығы екендігі нақтыланған.

[Ақпарат көзі](http://strategy2050.kz/news/23868/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/konstituciya-kez-kelgen-memleketti-basty-za-y-sarapshy-524138](https://yvision.kz/kk/post/konstituciya-kez-kelgen-memleketti-basty-za-y-sarapshy-524138)