---
title: "«Конституцияға 20 жыл: Көк байрақты елдіктің, сақтаушысы Ата Заң!»"
description: "Тәуелсіз елдің негізгі нышандарының бірі – Ата Заңы және демократиялық, өркениетті даму жолына тү..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-09-01T00:21:54+00:00"
modified: "2015-09-01T00:21:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/konstituciya-a-20-zhyl-k-k-bayra-ty-eldikti-sa-taushysy-ata-za-535382"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/konstituciya-a-20-zhyl-k-k-bayra-ty-eldikti-sa-taushysy-ata-za-535382/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Конституцияға 20 жыл: Көк байрақты елдіктің, сақтаушысы Ата Заң!»

> Тәуелсіз елдің негізгі нышандарының бірі – Ата Заңы және демократиялық, өркениетті даму жолына тү...

![«Конституцияға 20 жыл: Көк байрақты елдіктің, сақтаушысы Ата Заң!»](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/9t1xkYQQggBjjTBMnwfrIj44FhnQSC.jpg)

Тәуелсіз елдің негізгі нышандарының бірі – Ата Заңы және демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізі, басты нормативтік актісі. Осы бағытта Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңын қабылдағанына биыл 20 жыл толуына орай, 2015 жылдың 29 тамыз күні «Заман» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен **«Конституцияға 20 жыл: Көк байрақты елдіктің, сақтаушысы Ата Заң!»** атты салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиныда басты баяндамашы ҚР Мелекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш болды. Өз баяндамасында А.Жұбаныш Қазақстанның заңнамалық тарихына терең үңіліп, кешегі дала заңдарынан, бүгінгі дара заңға дейінгі өсу баспалдағына шолу жасап, шындығында біздің бүгінгі Конституциямыз кешегі Қасқа жолды Қасым ханның, Ескі жолды Есім ханның, өзіндік хақ жолы айқындалған Хақназар ханның, Әз Тәукенің «Жеті жарғы» сынды ережелерінің лайықты жалғасы екендігіне тоқталды. Сонымен қатар, Жәңгір хан ат.БҚАТУ алдында облыс жастарының қатысуымен флеш-моб өткізілді.

![«Конституцияға 20 жыл: Көк байрақты елдіктің, сақтаушысы Ата Заң!»](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/8TU3g9fqnVM6sj9s4PmdjC0X4HUK63.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/konstituciya-a-20-zhyl-k-k-bayra-ty-eldikti-sa-taushysy-ata-za-535382](https://yvision.kz/kk/post/konstituciya-a-20-zhyl-k-k-bayra-ty-eldikti-sa-taushysy-ata-za-535382)