---
title: "Конор Макгрегор спорттан кететінін жариялады"
description: "19 cәуірде абсолютті күрес чемпионатының чемпионы Конор Макгрегор өзінің спортан кететіні жайында..."
author: "dina_sharipkhanova"
published: "2016-04-21T00:09:55+00:00"
modified: "2016-04-21T00:13:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/konor-makgregor-sporttan-ketetinin-zhariyalady-690067"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/konor-makgregor-sporttan-ketetinin-zhariyalady-690067/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Конор Макгрегор спорттан кететінін жариялады

> 19 cәуірде абсолютті күрес чемпионатының чемпионы Конор Макгрегор өзінің спортан кететіні жайында...

![Конор Макгрегор спорттан кететінін жариялады](https://storage.yvision.kz/images/user/dina_sharipkhanova/YL79bAwh6SiT6c5ieivphgVuQSGJ9l.jpg)

19 cәуірде абсолютті күрес чемпионатының чемпионы Конор Макгрегор өзінің спортан кететіні жайында Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялаған. Онда 2015 жылдың ең үздік ММА жекпе-жек шебері Конор Макгрегор: «Спортан жастайымнан кетемі. Барлығы үшін рахмет. Кездесерміз» («Ухожу из спорта молодым. Спасибо за все. Увидимся») деп қысқа пост шығарған. Бұдан кейін жанкүйерлері мен басқа да спортқа қызығушылығы бар барлық әлеуметтік тіркелушілер өз пікірлерін қалдырған. 100 мыңнан астам пікірлердің ішінде ең көп қайталанғаны «Конор сен қалжыңдап тұрсың ба? Жындандың ба?» деген жанкүйерлерінің таңғалысы болған.

Айта кетейін, 27 жастағы Конор Макгрегор UFC лигасының әлем бойынша ең беделді және ең жоғарғы ақы төленетін чемпионы. Ең соңғы рет Нейт Диаспен болған жекпе-жегінде Конор 1 млн доллар алғаны белгілі. Жекпе-жек 5 наурыз күні Лос-Анджелесте өтіп Конор Макгрегор UFC лигасында бірінші рет жеңіліс тапты. Ендігі кезекте Нейт Диас пен Конор Макгрегор үшін ұйымдастырылған реванш та өтпейтін болды. Бұл миллиондаған көрерменнің ашуын туғызып отыр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/konor-makgregor-sporttan-ketetinin-zhariyalady-690067](https://yvision.kz/kk/post/konor-makgregor-sporttan-ketetinin-zhariyalady-690067)