---
title: "Конкурстарды өткізудің жаңа қағидалары түсіндірілді"
description: "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-04-26T06:38:34+00:00"
modified: "2017-04-26T06:38:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/konkurstardy-tkizudi-zha-a-a-idalary-t-sindirildi-764936"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/konkurstardy-tkizudi-zha-a-a-idalary-t-sindirildi-764936/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Конкурстарды өткізудің жаңа қағидалары түсіндірілді

> Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпанындағы №40 бұйрығымен «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзудің жаңа Қағидалары бекітілді.

Конкурстарды өткiзудің жаңа қағидалары мен тестілеу бағдарламарын түсіндіру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілермен кездесулер ұйымдастыруда.

2017 жылдың 25 сәуірінде Орал қаласы әкімі аппаратында қалалық дербес бөлімдерінде кадр мәселелеріне жауапты мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңесте Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы В.Масимова конкурстарды жаңа талаптарына сәйкес өткізу, құжат тізімдемесіне қосымшалар енгізу, барлық мемлекеттік қызметшілердің арасында ішкі конкурсты өткізбестен жалпы конкурс өткізуге жол берілгені, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалаудың негізгі талаптарына тоқталып, барлық тестілеу бағдарламаларына Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) білуге арналған тестілеу қосылғанын айтты.

Одан басқа, бүгінгі күнге аттестация бойынша мәселелер өзекті болуына байланысты, семинар-кеңес барысында аттестаттаудың аралық қорытындылары және аттестаттау комиссиясы шешімдерінің жүзеге асырылуы туралы айтылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/konkurstardy-tkizudi-zha-a-a-idalary-t-sindirildi-764936](https://yvision.kz/kk/post/konkurstardy-tkizudi-zha-a-a-idalary-t-sindirildi-764936)