---
title: "Конькишi Роман Креч ел үмiтiн ақтай алмаған спортшыларға араша түстi"
description: "СОЧИ. ҚазАқпарат — Сочи Олимпиадасында 500 метрлiк сайыста 7-орын алған қазақстандық конькишi Ром..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-02-19T22:08:11+00:00"
modified: "2014-02-19T22:08:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/konkishi-roman-krech-el-mitin-a-tay-alma-an-sportshylar-a-arasha-t-sti-401571"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/konkishi-roman-krech-el-mitin-a-tay-alma-an-sportshylar-a-arasha-t-sti-401571/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Конькишi Роман Креч ел үмiтiн ақтай алмаған спортшыларға араша түстi

> СОЧИ. ҚазАқпарат — Сочи Олимпиадасында 500 метрлiк сайыста 7-орын алған қазақстандық конькишi Ром...

[!\[Конькишi Роман Креч ел үмiтiн ақтай алмаған спортшыларға араша түстi\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140219204147-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/02/20140219204147.jpg)

СОЧИ. ҚазАқпарат — Сочи Олимпиадасында 500 метрлiк сайыста 7-орын алған қазақстандық конькишi Роман Креч, ел үмiтiн ақтамаған спортшыларға араша түстi.

«Спорт басшыларына, жанкүйерлерге және журналистерге ең алдымен асығыс қортынды жасамауды, сонымен қатар үмiт күттiрген спортшыларды Олимпиададағы сәтсiздiктерiне бола жазғырмауды сұраймын. Себебi бiздiң барлығымыз ет пен сүйектен жаратылған адамбыз, бәрiнен жақсы бiлетiн өз iсiңде сүрiну қандай қиын екендiгiн бiлемiз. Қателiктердiң арқасында үйренемiз. Осындай қиындықтар спортшыларды шыңдай түседi. Барша қауым сенен жүлде күтiп, спортшыларға қосымша жауапкершiлiк артқан тұста, жүйкеге үлкен ауыртпалық түседi», — дедi ол бүгiн Сочидегi қазақстандық спортшылардың үйiнде. Роман Креч бұл додада айтарлықтай көрсеткiштерге қол жеткiздi. Одан медаль күтпегенмен, ол өзiнiң Ванкувердегi жетiстiгiн жақсарта алды. 2010 жылы өткен сол Олимпиадада 500 метрлiк қашықтыққа жарысуда ол тек 34-орын алған едi. Биыл осы сайыста Р. Креч жалпы есепте 7- орынға ие болды. «Мен үшiн үлкен қуаныш болды. Көптеген құттықтаулар келiп жатты. Тiптi, күтпеген адамдар да қуанышымды бөлісті. Сенiң еңбегiң еленiп жатса, қуаныш еселене түседi екен. Бұл жарысты жаттықтырушылармен бiрге өзiмнiң ең жақсы дайындығыммен өткергенiме ризамын. Менiң соңғы екi маусымым тұрақсыз өттi, қаншама кiдiрiстер болды. Жарты жыл бұрын мен иығымды сындырып алғанмын. Дегенмен оған қарамастан Сочиде спринт жарысында 7-орын ала алдым. Әрине бұл нәтиже жарыс тұрғысынан келгенде түкке тұрмайды. Менiңше, бiз әлi мiнберге шығамыз, жүлдеге iлiгемiз. Бiр күннiң көрсеткiшiне емес, барлық процесс қалай өрбiп жатқанына мән беру керек», — дедi ол сөз соңында.

Автор: [Жасұлан Жолдыбаев](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/1224) [!\[Конькишi Роман Креч ел үмiтiн ақтай алмаған спортшыларға араша түстi\](http://www.inform.kz/img/ico_twitter.png)](https://twitter.com/inform_zhas)

Басты сөздер: [Олимпиада](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/1382) , [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/konkishi-roman-krech-el-mitin-a-tay-alma-an-sportshylar-a-arasha-t-sti-401571](https://yvision.kz/kk/post/konkishi-roman-krech-el-mitin-a-tay-alma-an-sportshylar-a-arasha-t-sti-401571)