---
title: "Компьютер ғылымы компьютерлер жайлы емес"
description: "Қазіргі таңда компьютер ғалымдары компьютерлік қызмет көрсету саласында жұмыс істейді деген ой бар...."
author: "akmaral_tm"
published: "2016-09-27T13:35:00+00:00"
modified: "2016-09-27T13:38:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kompyuter-ylymy-kompyuterler-zhayly-emes-714349"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kompyuter-ylymy-kompyuterler-zhayly-emes-714349/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Компьютер ғылымы компьютерлер жайлы емес

> Қазіргі таңда компьютер ғалымдары компьютерлік қызмет көрсету саласында жұмыс істейді деген ой бар....

![Компьютер ғылымы компьютерлер жайлы емес](https://storage.yvision.kz/images/user/akmaral_tm/xYfeL9wVubQ53RMC5fcLhVlb806Zxi.jpg)

Қазіргі таңда компьютер ғалымдары компьютерлік қызмет көрсету саласында жұмыс істейді деген ой бар. Алайда, бұл стереотип қана. Компьютер ғылымы компьютерлер және компьютер құрылымындағы мәселелерді алдын алу жолдары жайында емес. Компьютер ғылымы анализ және мәселелерді компьютерді құрылғы ретінде пайдаланып шешу ғылымы. Бұл блогта компьютер ғылымы, түрлі фактілер және компьютер ғылымы шынайы ғылым әрі тек компьютерлер ғана емес екенін дәлелдейтін түсініктер жайлы айтқым келеді.

Миссиссиппи Мемлекеттік университетінің түсіндірмесіне жүгінсек: компьютер ғылымы принциптер, техникалар және кейбір компьютерлік системаларды қолдануды зерттейді. Компьютер ғылымы есептеудің түрлі салаларында және компьютерге байланысты мамандықтардағы карьералық мақсаттары бар студенттерге негізгі білімді береді. Сонымен қатар бұл ғылым мағлұмат құрылымдары мен осы құрылымдармен жұмыс жасау; түрлі алгоритмдермен мәселелерді шешу мен методологияларды компьютерді қолдану арқылы құру жолдарын зерттейді. Сонымен, өздеріңіз көріп тұрғандай, компьютер ғылымы тек қана компьютерлер жайлы емес, түрлі процесстермен қоса компьютерлермен жұмыс жасау ғылымы.

Мен әрдайым “компьютер ғылымы ғылым емес” дейтін ойды ұсынатын көптеген мақалалар мен фактілердің толып жатқанына қарамастан, мұнымен келіспеймін. Мен Джонах Каганның 2012 жазылған және әлі күнге дейін компьютер ғалымдарының арасындағы танымал мақаласынан шабыттандым. Бұл мақалада автор өзінің ойымен бөлісе отырып, басқа адамдардың ойларымен мүлдем келіспейтіні жайлы жазады. Оның айтуынша, компьютер ғалымдары компьютерді жөндеу немесе компьютерді қолдануды емес, компьютер ғылымын оқиды. Негізінде, компьютер ғылымы математика, инженерия, кейбір жаратылыстану ғылымдары, психология және лингвистика сияқты бағыттарды біріктіреді. Компьютерлер түрлі ғылымдардың барлық салаларында қолданылады десек болады. Биологтар, астрономдар, геологтар кейбір процесстерді болжау және кейбір жаңа ашылымдарды түсіндіру үшін есептеу тәсілдерін қолданады.

“Астрономия телескоптар жайлы емес” секілді компьютер ғылымы бұдан былай компьютерлер жайлы емес. Себебі ғылым құралдар жайлы емес, құралдырдың жұмыс істеу процессі және оларды қолдану жайлы. Сонымен қатар компьютер ғылымы біраз бағдарламалауды қамтиды, дегенмен, егер сен компьютер ғалымы болсаң, тек қана бағдарламалап, компьютер арқылы кейбір техникалық мәселелерді шешуің керексің дегенді білдірмейді. Компьютер ғылымы мамандығындағы барлық студенттер бағдарламаларды жазуды және өз оқулардында оны қолдануды біледі. Кейде студенттер өздерінің мамандықтарын ауыстыру және сабақтардан шығып кететін көп жағдайлар бар, өйткені олар көбірек бағдарламауды күтеді және компьютер ғылымының не екенін білмейді. Сол жағдайларда мен компьютер ғылымы тек қана бағдарламалау мен компьютерлермен жұмыс жасауды білдірмейтінін айтқым келеді. Бұл түрлі алгоритмдерді құру мен сараптау, кейде тіпті компьютерлерді қолданусыз мәселелерді шешуді қамтитын ғылым.

Сөздің соңында, компьютер ғылымы басқа ғылымдармен байланысқан және түрлі ғылыми салалардағы мәселелерді сараптау мен шешуге көмектесетін шынайы ғылым. Компьютер ғылымы компьютерлерді құру немесе техникалық мәселелерді шешу емес, ешбір электроникалық құрылғыларды қолданбай-ақ, алгоритмдерді құру мен сараптау жолдары жайлы. Болашақта адамдар компьютер ғылымдары тек қана “техникалық қолдаушылар“ мен бағдармалаушылар стереотипінен алшақ болады деп үміттенем.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kompyuter-ylymy-kompyuterler-zhayly-emes-714349](https://yvision.kz/kk/post/kompyuter-ylymy-kompyuterler-zhayly-emes-714349)