---
title: "Компания жұмысының қаржылық нәтижелері туралы «Қазақтелеком» АҚ Бас қаржы директоры Арнұр Нұрқатов айтып берді."
description: "Жақында «Қазақтелеком» «Самұрық-Қазына» қоры басқармасының алдында өзінің осы жылдың бірінші жылдығы..."
author: "YourKazakhTelecom"
published: "2013-10-25T05:24:49+00:00"
modified: "2013-10-25T05:35:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kompaniya-zh-mysyny-arzhyly-n-tizheleri-turaly-aza-telekom-a-bas-arzhy-direktory-arn-r-n-r-atov-ayty-381589"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kompaniya-zh-mysyny-arzhyly-n-tizheleri-turaly-aza-telekom-a-bas-arzhy-direktory-arn-r-n-r-atov-ayty-381589/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Компания жұмысының қаржылық нәтижелері туралы «Қазақтелеком» АҚ Бас қаржы директоры Арнұр Нұрқатов айтып берді.

> Жақында «Қазақтелеком» «Самұрық-Қазына» қоры басқармасының алдында өзінің осы жылдың бірінші жылдығы...

**Жақында «Қазақтелеком» «Самұрық-Қазына» қоры басқармасының алдында өзінің осы жылдың бірінші жылдығында атқарған істері жөнінде есеп берді. Отырыс қорытындысы бойынша «Қазақтелекомға» ақпараттық коммуникациядағы көшбасшылық орнын сақтап қалу тапсырылды. Сондай-ақ, тіркелген және мобильді кеңжолақты интернетке қолжетімділік қызметін одан әрі жылжыту жөніндегі жұмыстарды күшейту және олардың сапасын арттыру тапсырылды. Бұл үшін компания менеджменті оптикалық-талшықты FTTH желісін салу және ел аумағында LTE мобильді желісін енгізу жөніндегі ірі стратегиялық жобаларды уақытылы және сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз етуі қажет.**

Транзиттік әлеуетті жүзеге асыру үшін «Қазақтелеком» барлық шекаралас елдердің алдыңғы қатарлы операторларымен тікелей түйісуді ұйымдастырды. Бұрын Түркіменсатн ғана жоқ болатын, енді қазір «Қазақтелеком» мен «Түркіментелеком» желілерінің құрылысы мен түйісуі аяқталды.

«Осылайша, «Қазақтелеком» Орталық Азиялық хаб ретінде құрылып болды.Бүгінде 5 елдің 13 операторымен 16 түйісу коммерцилық пайдаланылуда. Түйісулердің жалпы сыйымдылығы - 430 Гбит/с астам», - деп түсіндірді компанияда.

Бұдан басқа, отырыста 2013-жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша «Қазақтелекомды» 2011-2015-жылдарға дейінгі дамыту жоспарының орындалуы мен 2013-жылдың екінші жартыжылдығына арналған міндеттер талқыланды. Қызмет түрлерін сатудан түскен шоғырландырылған табыс 3% артып, 91,2 млрд теңгеге жеткені атап өтілді.

Компания жұмысының қаржылық нәтижелері туралы «Қазақтелеком» АҚ Бас қаржы директоры Арнұр Нұрқатов айтып берді.

**-«Қазақтелеком» АҚ-ның үстіміздегі жылғы 9 айдағы қаржылық көрсеткіштері қандай? 2012-жылдың осы мерзімімен салыстырғанды олардың серпінділігі туралы не айтасыз?**

-2013-жылдың 9 айындағы қызмет түрлерін сатудан түскен шоғырдандырылған табыс 137,8 млрд теңге, немес өткен жылға қарағанда 106,1% құрап отыр.

Шоғырландырылған көрсеткіш

EBITDA есепті мерзім ішінде 52,9 млрд теңгені құрады.

«Қазақтелеком» АҚ компаниясы топтарына салынған капитал көлемі 2013-жылдың 9 айы бойынша 27,7 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылғы деңгейден 15% жоғары.

**- «Қазақтелеком» АҚ-ның «Digital TV» ЖШС-ін сатып алу жөніндегі мәмілесі компанияның қаржылық көрсеткіштеріне қандай ықпал етті?**

- «Digital TV» ЖШС-ін сатып алу «Қазақтелеком» АҚ-ның ақылы телевидение нарығына қатысудағы үлесін арттыруға мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде компанияның жалпы табысының артуына алып келеді.

**- Қазір «Қазақтелеком» АҚ-ның еншілес компаниясы «АЛТЕЛ» АҚ-ы Қазақстанда 4G/LTE жобасын дамытумен белсенді түрде шұғылдануда. Қазіргі кезде жоба қай деңгейде тұр?**

- Қазіргі кезде LTE желісі Астана мен Алматы қалаларында салынды. ҚР басқа өңірлерінде құрылыс жалғасуда, 2014-жылдың соңына дейін 4G желісімен республиканың барлық облыс орталықтары қамтылады деп жоспарлануда.

**- Қазіргі кезде «Қазақтелеком» АҚ шығындарды азайту стратегиясын (PWC) жүзеге асыруда. Оның мәні неде? Толығырақ айтып берсеңіз?**

- Бүгіндегі қатаң бәсекелестік жағдайында компания жұмысының тиімділігін арттыру бәрінен жоғары қойылады. Осындай тетіктердің бірі «Қазақтелеком» АҚ PWC бірге жүзеге асырып жатқан шығындарды азайту бағдарламасы болып табылады.

Бұл бағдарлама екі сатыдан тұрады және «Қазақтелеком» АҚ жұмысының барлық жағын қамтуға арналған.

Бірінші сатыны жүзеге асырудың қорытындылары бойынша (2012-2013-жылдар) шығындарды азайтудан жинақталған тиімділік шамамен 1,5 млрд теңгені құрады.

Қазіргі кезде «Қазақтелеком» 2013-2015-жылдарға арналған 2 сатыны жүзеге асыруға кірісіп кетті.

**- Сіздің бағалауыңызша, 2013-жылы компанияның таза пайдасы өсе ме?**

- FTTH және LTE сияқты стратегиялық инвестициялық жобаларды сәтті жүзеге асыру компанияның келешектегі таза пайдасының оң бағытта өсуіне ықпал етеді деп сенемін.

**- Биылғы көктемде Сіз Қазақстанның даму банкінің қарызын қайта қаржыландыруды жоспарлап отырмын деп едіңіз. Бұл жоба қазір қандай деңгейде? Оны жасау қолыңыздан келді ме? Оны жүзеге асыру түптің түбінде компанияға не пайда әкелмек?**

- Ие, үстіміздегі жылғы қыркүйек айында біз ішкі заем облигацияларының 2/3 көлемін мерзімінен бұрын сатып ала алдық. Нәтижесінде бұл бізге қарыздық жүктемелерімізді оңтайландырып, компания қарызына қызмет көрсету шығынын азайтуға мүмкіндік берді.

**- 2012-жылғы II-IV тоқсандардың қорытындысы бойынша компания 1 акцияға 161,03 теңге көлемінде дивиденд төледі. Сонымен қатар, 2011-жылдың қорытындысы бойынша 1 акцияға берілетін дивидендтің көлемі 1 328,8 теңгені құрады. Осылайша, төленген дивидендтердің жалпы сомасы 15 млрд теңгеден (2011-жылдың қорытындысы) 1,8 млрд теңгеге (2012-жылдың II-IV тоқсандарының қорытындысы бойынша) дейін төмендеді. 2013-жылы да дивидендтердің төмендеуі жоспарлынуда ма? Немесе, керісінше төлемдер көтеріле ме?**

- Дивидендтер төлеу компанияның 18.01.2013-жылғы 18-қаңтардағы акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген дивиденттік саясатына сай жүргізіледі, ол бойынша согласно которой норматив начисления дивидендтерді есептеу нормативі компанияның белгілі бір мерзім ішіндегі қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері мен жобаларды жүзеге асыруға бөлінген инвестиция көлемін есепке алғандағы таза пайдасының 5%-тен 100% -дейінгі көлемін құрайды. Белгілі бір мерзім ішіндегі дивиденттің көлемі туралы шешімді акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайы.

**- Компанияның акциялары қазіргі кезде Қазақстанның қор биржасында қаншалықты танымал?**

- Компанияның акциялары Қазақстанның қор биржасындағы инвесторлар арасында белгілі бір сұранысқа ие. «Қазақтелеком» АҚ-ның жай акциялары ұзақ уақыт бойы анағұрлым ликвидті құнды қағаздар тізімінде келеді.

Василиса Төлеуова, Капитал.kz (Алматы).

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kompaniya-zh-mysyny-arzhyly-n-tizheleri-turaly-aza-telekom-a-bas-arzhy-direktory-arn-r-n-r-atov-ayty-381589](https://yvision.kz/kk/post/kompaniya-zh-mysyny-arzhyly-n-tizheleri-turaly-aza-telekom-a-bas-arzhy-direktory-arn-r-n-r-atov-ayty-381589)