---
title: "Коммуналдық меншіктен 122 объекті сатылды"
description: "2014 - 2020 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 933 объекті жоспарланған. 2014 жылдың ма..."
author: "minfingovkz"
published: "2016-04-19T06:03:03+00:00"
modified: "2016-04-19T06:03:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kommunaldy-menshikten-122-obekti-satyldy-689831"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kommunaldy-menshikten-122-obekti-satyldy-689831/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Коммуналдық меншіктен 122 объекті сатылды

> 2014 - 2020 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 933 объекті жоспарланған. 2014 жылдың ма...

2014 - 2020 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес сатуға 933 объекті жоспарланған.

2014 жылдың маусым - 2016 жылдың сәуірдегі кезеңінде 451 объекті жекешелендіруге жатады. 2016 жылдың 18 сәуірдегі жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 429 объекті шығарылды, оның ішінде 253 объекті сатылды, республикалық меншік бойынша - 17, коммуналдық меншік бойынша - 122, ӘКК - 64, холдингтер бойынша - 50.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 6 774 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 4 048 млн. теңгеден астам, Холдингтер 67 262 млн. теңге, ӘКК 2 959 млн. теңге.

**Республикалық меншік бойынша**

Барлығы 2014-2020 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 65 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың сәуірдегі кезеңінде іс жүзінде сатуға 24 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 18 сәуірдегі жағдайы бойынша сауда-саттыққа 24 объекті шығарылды, оның ішінде 17 объекті сатылды.

**Коммуналдық меншік бойынша**

Барлығы 2014 - 2020 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 484 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың сәуірдегі кезеңінде 209 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 18 сәуірдегі жағдайы бойынша 206 объекті шығарылды, соның ішінде 122 объекті сатылды.

**Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша**

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2020 жылдарда сату Кесте бойынша сатуға 165 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың сәуірдегі кезеңінде 90 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 88 объекті сатуға қойылды, 64 объекті сатылды.

**Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша**

2014 - 2020 жж. арналған сату Кестесі бойынша 219 объекті жекешелендіруге жатады, 18 сәуірдегі жағдайы бойынша жоспарланған 128 объектінің 111 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 50 объект сатылды.

![Коммуналдық меншіктен 122 объекті сатылды](https://storage.yvision.kz/images/user/minfingovkz/YhmAo2AVeMaWg2oFwWnXE9MxBz3cEz.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kommunaldy-menshikten-122-obekti-satyldy-689831](https://yvision.kz/kk/post/kommunaldy-menshikten-122-obekti-satyldy-689831)