---
title: "Комиссия Кәрім Мәсімовке кешірім бермеуді ұсынды"
description: "Қазір жазасын өтеп жатқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы"
author: "orazali"
published: "2024-06-28T10:37:37+00:00"
modified: "2024-06-28T10:37:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/komissiya-k-rim-m-simovke-keshirim-bermeudi-syndy-1006078"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/komissiya-k-rim-m-simovke-keshirim-bermeudi-syndy-1006078/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Комиссия Кәрім Мәсімовке кешірім бермеуді ұсынды

> Қазір жазасын өтеп жатқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы

*Қазір жазасын өтеп жатқан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы *[Кәрім Мәсімовтің Президенттен кешірім беруді сұрағаны](https://yvision.kz/kk/post/k-rim-m-simov-prezidentten-keshirim-berudi-s-rady-1005477)* туралы осы айдың басында айтылған еді.*

![](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/75a7792fbf04179f4fa3bd8822267e79.jpg)

*Фотоколлаж: khabar.kz*

Бүгін Кешірім жасау жөніндегі комиссияның бұл мәселені қарап, Мәсімовтің өтінішін қанағаттандырмағаны белгілі болды. Бұл туралы комиссия басшысы, Мәжіліс депутаты Марат Бәшімов [Facebook](https://www.facebook.com/marat.bashimov)-тегі парақшасында жазды.

Ол бұның Президентке ұсыныс қана екенін айтты. Ары қарай Мемлекет басшысының өзі шешеді.

Айта кетейік, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған еді. 2023 жылы сәуірдің аяғында Астана соты оны мемлекетке сатқындық жасағаны, билікті күшпен басып алуға талпынғаны, билік пен қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін 18 жылға бас бостандығынан айырды.

Сондай-ақ Мәсімовке қатысты тағы Қылмыстық кодекстің 218-бабы 3-бөлігінің 3-пункті (Қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге мүлікті заңдастыру (ізін жасыру) және 366-бабының 4-бөлігі (Ірі көлемде пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны айтылған болатын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/komissiya-k-rim-m-simovke-keshirim-bermeudi-syndy-1006078](https://yvision.kz/kk/post/komissiya-k-rim-m-simovke-keshirim-bermeudi-syndy-1006078)