---
title: "Кітапханаларға шолу: Орталық қалалық А.П.Чехов атындағы кітапхана"
description: "Мекен-жайы: Гоголь көшесі, 109 Кітапханаға жазылу үшін: Оқырман залына: - жеке басты куәландыратын..."
author: "Arsik"
published: "2012-10-25T10:57:00+00:00"
modified: "2012-02-15T01:09:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kitaphanalar-a-sholu-ortaly-alaly-a-p-chehov-atynda-y-kitaphana-226523"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kitaphanalar-a-sholu-ortaly-alaly-a-p-chehov-atynda-y-kitaphana-226523/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кітапханаларға шолу: Орталық қалалық А.П.Чехов атындағы кітапхана

> Мекен-жайы: Гоголь көшесі, 109 Кітапханаға жазылу үшін: Оқырман залына: - жеке басты куәландыратын...

![Кітапханаларға шолу: Орталық қалалық А.П.Чехов атындағы кітапхана](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/Kp5IGbv46UpzlEK6O6qwuH8hn1hw81.jpg)

**Мекен-жайы**: Гоголь көшесі, 109

![Кітапханаларға шолу: Орталық қалалық А.П.Чехов атындағы кітапхана](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/h2NNQ2b7yER845jwkBJXQyxJZGxT96.jpg)

**Кітапханаға жазылу үшін**:

Оқырман залына:
- жеке басты куәландыратын құжат немесе студенттік билет

- 3х4 көлеміндегі бір сурет

Абонементке:
- жеке басты куәландыратын құжат - тұратын орынын растайтын құжат - 3х4 көлеміндегі бір сурет

Кітапхана интернетке қосылған. Ксерокопия, принтермен жабдықталған.

**Ерекшелігі**:

интернет – 30 минут тегін

ксерокопия – 5 бетке дейін тегін

Абонемент залында оқырмандарға кітаптарды үйге алып кетуге 15 күн беріледі.

**Кітапхананың жұмыс кестесі**:

дүйсенбі-жұма: 9.00 – 19.00

сенбі: демалыс

жексенбі: 9.00 – 19.00

Әр айдың соңғы бейсенбісі – тазалық күні.

![Кітапханаларға шолу: Орталық қалалық А.П.Чехов атындағы кітапхана](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/WRBB7H507nHP26sGHsNe0b5h1exXnJ.jpg)

Кітапхана оқырманына оқу залы, мерзімді басылымдар залы, абонемент және ақпараттық орталық қызметін ұсынады.

> А.П.Чехов атындағы қалалық кітапхана 1931 жылы құрылды. 1965 жылдан бастап кітапхана жаңа ғимаратқа көшіп осы күнге дейін өз оқырмандарына қызмет көрсетуде. Кітапхананың кітап қоры бүгінгі таңда алуан мазмұнды 360 мың аса басылымды құрайды.

Кітапханада сирек кездесетін басылымдардан, мысалы: Брокгауза мен Эфронның «Энциклопедиялық сөздігі» 1874, Овидийдың «Превращения», У.Шекспирдің 1904 жылғы шығармалары бар.

![Кітапханаларға шолу: Орталық қалалық А.П.Чехов атындағы кітапхана](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/xCafcYZtcT16cJZ8MK1XR6HBbe3AcD.jpg)

![Кітапханаларға шолу: Орталық қалалық А.П.Чехов атындағы кітапхана](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/Il6bk6ImRMWqa8v4kktRrK5IR90051.jpg)

![Кітапханаларға шолу: Орталық қалалық А.П.Чехов атындағы кітапхана](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/5DxpG0pz0MR2P63LI7Zmy967NPXQm9.jpg)

![Кітапханаларға шолу: Орталық қалалық А.П.Чехов атындағы кітапхана](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/N30IKAeXmk8Pf04KifsxDuRCTmMtj2.jpg)

![Кітапханаларға шолу: Орталық қалалық А.П.Чехов атындағы кітапхана](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/lP9RHEMpJSGoYgcrkvnlc002NdXlC7.jpg)

*Дүйсебаев Эрнар, заңгер әрі экономист, 35 жаста:*

Бұл кітапхана қаланың ортасында орналасса да, тыныш отырып дайындалуға барлық мүмкіндік береді. Осы кітапханаға жиі келіп тұрамын. Бұрын Ұлттық кітапханаға баратынмын. Бірақ мұндағы мүмкіндіктер ол жақтағыдан жоғары. Мұнда интернет, ксерокопия тегін. Өзіңмен кітабыңды кіргізуге болады және қызметкерлердің барлығы сондай сыпайы, әдепті. Сұрағына жауап беріп, керек кітабыңды жылы қабақпен тез тауып береді. Сонысымен де бұл кітапхана маған ерекше ұнайды.

![Кітапханаларға шолу: Орталық қалалық А.П.Чехов атындағы кітапхана](https://storage.yvision.kz/images/user/arsik/QIl7Pzc01o55i4zW3es4FaheTy1d5c.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kitaphanalar-a-sholu-ortaly-alaly-a-p-chehov-atynda-y-kitaphana-226523](https://yvision.kz/kk/post/kitaphanalar-a-sholu-ortaly-alaly-a-p-chehov-atynda-y-kitaphana-226523)