---
title: "«Кітап — ғажайып әлем»"
description: "20.04.17 жылы сағ. 15.00 Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 23..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2017-04-24T00:41:35+00:00"
modified: "2017-04-24T00:41:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kitap-azhayyp-lem-764577"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kitap-azhayyp-lem-764577/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Кітап — ғажайып әлем»

> 20.04.17 жылы сағ. 15.00 Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 23...

20.04.17 жылы сағ. 15.00 Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында 23 сәуір «Кітап - ғажайып әлем» атты Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне орай әрі осы күнді атап өту аясында облысымыздың ақын – қаламгер, Қостанай облысының «Қазына» меценаттар клубы сыйлығының лауреаты - Ғайнижамал Сайманқызы Бердалиновамен кездесу кеші өтті. Іс-шараның мақсаты оқушыларды, жасөспірімдерді жерлес ақын – қаламгерлердің шығармаларымен таныстыру.

Аталған іс -шараға Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектебінің 7-8 сынып оқушылары, ақынның жақын туыстары қатысты. Оқушылар ақын апайымыздың өлеңдерін айтып, ақынның балалық шағы, шығармашылық өсу жолы мен өмірі жайлы қызықты да өзекті сұрақтарын қойды. 8 сынып оқушысы Әуезхан Нұрым, «Отан ана» атты өлеңін орындап шықты. Сонымен қатар 7 сынып оқушысы Сәкен Әли «Көшпесе екен сұлулық жер бетінен» атты «Таза бұлақтың» жас ақыны Гүлсім Бағрамқызының өз ұстазына арнаған өлеңін оқыды. Іс -шара соңында Ғайнижамал Сайманқызы кітапхана қорына «Жылдар мен жырлар байлығы» атты жаңа кітабын ұсынды.

Іс – шара аяқталысымен кітапхана шаңырағында «Жүрегімен өлең болып өрілген» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс- шараны ұйымдастырған Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының кітапханашысы Латыпова Бибігүл Қазыбайқызы.

 

[https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/album/6412451098493502929?authkey=COjZ77WNkeLbOA](https://plus.google.com/u/0/photos/105444590971516272131/album/6412451098493502929?authkey=COjZ77WNkeLbOA)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kitap-azhayyp-lem-764577](https://yvision.kz/kk/post/kitap-azhayyp-lem-764577)