---
title: "Кішігірім мотивация"
description: "Мотивация жоқ болса, нәтиже де жоқ Мотивацияны демеу үшін сәтті 6 қадам:– Қандай нәтижеге ие болатын..."
author: "shaiyah"
published: "2023-10-09T07:03:30+00:00"
modified: "2023-10-09T11:03:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kishigirim-motivaciya-995941"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kishigirim-motivaciya-995941/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кішігірім мотивация

> Мотивация жоқ болса, нәтиже де жоқ Мотивацияны демеу үшін сәтті 6 қадам:– Қандай нәтижеге ие болатын...

![Кішігірім мотивация](https://storage.yvision.kz/images/user/576572/2210154d99d70cbc9abdd631d7d344.jpg)

Мотивация жоқ болса, нәтиже де жоқ Мотивацияны демеу үшін сәтті 6 қадам:

– Қандай нәтижеге ие болатыныңды жарқын түрде елестет. Өз еңбегіңнің жемісін көз алдыңа елестет. Мотивацияң таусылған сайын немесе шаршаған сәттерде жемісіңді, жететін нәтижеңді ойла. – Мақсатың физикалық тұрғыда өзіңмен бірге болуы керек. Демек, құлшынысыңды арттыратын, оған қараған сайын мақсатыңды есіңе түсіретін белгілі-бір зат болуы қажет. – Жоспарларың мен мақсаттарыңды қағаз бетіне түсір. Орындалған жоспарларыңды түртіп отыр. – Өз-өзіңе сөз бер. Аяғына дейін баратыныңа, тайсалмастан нәтижеге жететініңе уәде ет немесе жақындарыңа сөз бер. – Еліктейтін тұлға болса, соған қарап бой түзеп, «Ол жеткен жетістікке мен де жетемін» деген ұранмен өмір сүр. – Идеяластарыңды тап. Жақындарың немесе достарыңның арасынан сенің бастамаңа қолдау білдіретін немесе өзіңмен бірге іске кірісетін адамдар болса, нағыз мотивация сол болмақ. Осы айтқандарым пайдаңызға жараса мен қуаныштымын

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kishigirim-motivaciya-995941](https://yvision.kz/kk/post/kishigirim-motivaciya-995941)