---
title: "Кіріспе сөз"
description: "Мен өзі блогқа жарымадым. Вордпреске барып едім, ол ашылмай қалды, блогспотқа келіп едім, бұл ашылма..."
author: "aliziyadin"
published: "2010-04-27T07:04:52+00:00"
modified: "2010-04-27T07:04:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kirispe-s-z-42734"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kirispe-s-z-42734/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кіріспе сөз

> Мен өзі блогқа жарымадым. Вордпреске барып едім, ол ашылмай қалды, блогспотқа келіп едім, бұл ашылма...

Мен өзі блогқа жарымадым.

Вордпреске барып едім, ол ашылмай қалды, блогспотқа келіп едім, бұл ашылмай қалды, майл.ру-ды түсінбей шаршадым, енді осында келіп отырмын. Сұмырай келсе су құриды деген бар, менің кесірім енді yvision-ге тимес деген үміттемін.

Әзірге блогымның бағыт-бағдарын, сипатын толық анықтай қойған жоқпын, алайда жақын маңда бір жағыма қарата қисайып қалармын деген үмітім зор.

Сонымен...

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kirispe-s-z-42734](https://yvision.kz/kk/post/kirispe-s-z-42734)