---
title: "Әкімшілік практика бойынша сұрақтар талқыланды"
description: "Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ж.Ж. Жұмабаевтың ..."
author: "finpolsko"
published: "2017-09-08T00:43:29+00:00"
modified: "2017-09-08T00:43:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kimshilik-praktika-boyynsha-s-ra-tar-tal-ylandy-778114"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kimshilik-praktika-boyynsha-s-ra-tar-tal-ylandy-778114/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әкімшілік практика бойынша сұрақтар талқыланды

> Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ж.Ж. Жұмабаевтың ...

![Әкімшілік практика бойынша сұрақтар талқыланды](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/oNPxLBXy4EtDHpJ4uofy0vXvK0j3o8.jpg)

Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Ж.Ж. Жұмабаевтың төрағалығық етуімен 2017 жылдың 07 қыркүйегінде Департамент қызметкерлері арасында Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының 1-Басқармасы бөлімінің прокуроры Р.Х. Насировтың қатысуымен әкімшілік практика жөнінде семинар өткізілді.

Семинар барысында әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасалуының тәртібі, сонымен қатар, әкімшілік құқықбұзушылықты айқындау кезінде туындайтын басты мәселелер талқыланды.

Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексімен көзделген тәртіп пен рәсімдерге аса назар бөлінді.

Семинар соңында прокурормен тиісті ұсынымдар берілді, сонымен бірге қызметкерлер заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мүмкіндігін қарастыру бойынша ұсынымдар енгізді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kimshilik-praktika-boyynsha-s-ra-tar-tal-ylandy-778114](https://yvision.kz/kk/post/kimshilik-praktika-boyynsha-s-ra-tar-tal-ylandy-778114)