---
title: "Үкіметтің жаңа құрамы"
description: "Кеше атқарушы билікте үлкен өзгеріс болғаны белгілі. Бүгін сол жаңа үкіметтің толық құрамымен..."
author: "orazali"
published: "2024-02-07T02:47:44+00:00"
modified: "2024-02-07T04:42:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kimetti-zha-a-ramy-1000774"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kimetti-zha-a-ramy-1000774/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Үкіметтің жаңа құрамы

> Кеше атқарушы билікте үлкен өзгеріс болғаны белгілі. Бүгін сол жаңа үкіметтің толық құрамымен...

Кеше атқарушы билікте үлкен өзгеріс болғаны белгілі. Бүгін сол жаңа үкіметтің толық құрамымен таныстыра кеткенді жөн көрдік.

![Үкіметтің жаңа құрамы](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/203b8a477ab0fffbd7d70ceea49a9d.jpg)

@qazaqstantv

Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды және Үкімет мүшелерінің құрамы толық жасақталды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен:

Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі лауазымына;

Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына;

Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына;

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына:

Азамат Несіпбайұлы Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына;

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына;

Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына;

Серік Мақашұлы Жұманғарин Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына;

Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына;

Алмасадам Майданұлы Сәтқалиев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі лауазымына;

Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына;

Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына;

Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына;

Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына;

Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына;

Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына;

Ерлан Нұралыұлы Нысанбаев Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымына;

Саясат Нұрбек Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі лауазымына;

Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі лауазымына;

Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына;

Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына;

Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына;

Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына;

Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына;

Арман Абайұлы Шаққалиев Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі лауазымына тағайындалды. ​

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kimetti-zha-a-ramy-1000774](https://yvision.kz/kk/post/kimetti-zha-a-ramy-1000774)