---
title: "Үкіметтегілер елімізде әлеуметтік маңызы бар..."
description: "Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының қарқыны мен өңірлердегі азық-түлік қорларының сақталу мәселелері талқыланды. Қазіргі таңда статистика әлеуметтік маңызы..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-04-22T10:50:21+00:00"
modified: "2024-04-22T10:50:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kimettegiler-elimizde-leumettik-ma-yzy-bar-azy-t-lik-ba-asyny-t-sip-zhat-anyn-aytty-1003831"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kimettegiler-elimizde-leumettik-ma-yzy-bar-azy-t-lik-ba-asyny-t-sip-zhat-anyn-aytty-1003831/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Үкіметтегілер елімізде әлеуметтік маңызы бар...

> Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының қарқыны мен өңірлердегі азық-түлік қорларының сақталу мәселелері талқыланды. Қазіргі таңда статистика әлеуметтік маңызы...

*Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары (ӘМАТ) бағасының қарқыны мен өңірлердегі азық-түлік қорларының сақталу мәселелері талқыланды.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/80d5ee70489142a6fc4a302b8d20cf.jpg)

Қазіргі таңда статистика әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының екі апта қатарынан төмендегенін көрсетті. Сәуірде екі аптасындағы бағаның жалпы өсу индексі: -0,2% болды. Осылайша, пияз (-2,6%), күнбағыс майы (-1,6%), қарақұмық жармасы мен жұмыртқа (-1%), күріш (-0,5%), рожки (-0,2%) құнының төмендеуі тіркелді. Сиыр етіне орташа баға индексінің өсуі (0,6%) негізінен Ақтөбе облысындағы өнім құнының қысқа мерзімді қымбаттауына байланысты. Онда тасымалдаушылар етті барлық өткізу орындарына дер кезінде жеткізе алмаған.

«Еліміздің сегіз өңірінде ӘМАТ-тың орташа баға индексі төмендегені байқалып отыр, оның алтауында нөлге тең. Ақтөбе облысында (0,8%-ға), Маңғыстау, БҚО (0,2%-ға), Атырау, Қарағанды және Абай облыстарында (0,1%-ға) бағаның біршама көтерілуі тіркелген», — деп атап өтті сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kimettegiler-elimizde-leumettik-ma-yzy-bar-azy-t-lik-ba-asyny-t-sip-zhat-anyn-aytty-1003831](https://yvision.kz/kk/post/kimettegiler-elimizde-leumettik-ma-yzy-bar-azy-t-lik-ba-asyny-t-sip-zhat-anyn-aytty-1003831)