---
title: "Үкімет өз жоспарын әзірлеп, әрекет етуі тиіс"
description: "Биліктің барлық құрылымы Жолдауды іске асыру жөніндегі алда тұрған жұмысқа жұмыла кірісуі тиіс. ..."
author: "kaztrk_kz"
published: "2012-02-02T10:50:05+00:00"
modified: "2012-02-02T10:50:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kimet-z-zhosparyn-zirlep-reket-etui-tiis-224408"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kimet-z-zhosparyn-zirlep-reket-etui-tiis-224408/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Үкімет өз жоспарын әзірлеп, әрекет етуі тиіс

> Биліктің барлық құрылымы Жолдауды іске асыру жөніндегі алда тұрған жұмысқа жұмыла кірісуі тиіс. ...

Биліктің барлық құрылымы Жолдауды іске асыру жөніндегі алда тұрған жұмысқа жұмыла кірісуі тиіс. Бүгін Премьер-министр Кәрім Мәсімовті қабылдаған мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Үкімет өз жоспарын әзірлеп, әрекет етуі қажет. Барлық іс-шараларды қаржыландыру көздерін табу керек. Әкімдер еліміздің алдында тұрған жаңа міндеттерді халыққа түсіндірулері тиіс.

«Сосын жұмыстың қорытындысы бойынша Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізу қажет» деді Елбасы. Премьер-министр өз кезегінде Президентке келесі аптадан бастап «Үкіметтің әрбір отырысы Жолдауда көрсетілген жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындауға арналады. Сіздің Үкімет отырысында айтқан барлық сын-ескертулеріңіз түзетіледі» деді Мәсімов.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kimet-z-zhosparyn-zirlep-reket-etui-tiis-224408](https://yvision.kz/kk/post/kimet-z-zhosparyn-zirlep-reket-etui-tiis-224408)