---
title: "Үкімет отырысында Жаңаөзендегі жағдай талқыланды"
description: "Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік кезінде қайтыс болғандардың отбасыларына 1 миллион, ал за..."
author: "kaztrk_kz"
published: "2011-12-28T20:17:21+00:00"
modified: "2011-12-28T20:17:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kimet-otyrysynda-zha-a-zendegi-zha-day-tal-ylandy-216662"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kimet-otyrysynda-zha-a-zendegi-zha-day-tal-ylandy-216662/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Үкімет отырысында Жаңаөзендегі жағдай талқыланды

> Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік кезінде қайтыс болғандардың отбасыларына 1 миллион, ал за...

Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік кезінде қайтыс болғандардың отбасыларына 1 миллион, ал зардап шеккендердің жанұяларына 500 мың теңгеден көмекқаржы беріледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ақтаудан байланысқа шыққан «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы, Үкіметтік комиссияның жетекшісі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

 

** **

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл». Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Жаңаөзен қаласын қалпына келтіруге барша жұрттың ат салысу қажеттігін айтып өтті. Селекторлық кеңес кезінде Премьер-министр бұл шаруаны атқару үшін еліміздің әр аймағынан 100 млн. теңгеден қаржы бөлу керектігін жеткізді.

**Кәрім Мәсімов, ҚР Премьер-министрі:**

** **

*Мен әр аймақтың басшыларына тапсырма берем. Әрқайсыңыз 100 млн. теңгеден бөле отырып, Ақтаудағы қорды толықтыруға өз үлестеріңізді қосыңыздар.*

* *

Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, бүгінде қызметінен босатылған мұнайшыларды жұмыспен қамту мәселесі қарқынды жүргізіліп келеді. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорыныңжаңа басшысы соңғы уақытта оң өзгерістер байқалғанын да ерекше атап өтті.

Толық мәтіндік нұсқасын [kaztrk.kz](http://kaztrk.kz/kaz/news/politika/Ukimet_otirisinda_Zhanaozendegi_zhagdaj_talkilandi.html#go) көріңіздер

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kimet-otyrysynda-zha-a-zendegi-zha-day-tal-ylandy-216662](https://yvision.kz/kk/post/kimet-otyrysynda-zha-a-zendegi-zha-day-tal-ylandy-216662)