---
title: "Үкімет басшысы солтүстікті батысқа үлгі етті"
description: "Премьер-министр Олжас Бектенов бүгінгі Үкімет отырысында Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан кейін атқарылып жатқан жөндеу және құрылыс жұмыстарының барысын жақсы деп бағалады. Бұл ретте Үкімет басшысы басқа өңірлер әлі қажетті қарқынды..."
author: "jan.123"
published: "2024-06-11T05:37:00+00:00"
modified: "2024-06-11T05:48:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kimet-basshysy-solt-stikti-batys-a-lgi-etti-1005514"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kimet-basshysy-solt-stikti-batys-a-lgi-etti-1005514/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Үкімет басшысы солтүстікті батысқа үлгі етті

> Премьер-министр Олжас Бектенов бүгінгі Үкімет отырысында Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан кейін атқарылып жатқан жөндеу және құрылыс жұмыстарының барысын жақсы деп бағалады. Бұл ретте Үкімет басшысы басқа өңірлер әлі қажетті қарқынды...

*Премьер-министр Олжас Бектенов бүгінгі Үкімет отырысында Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан кейін атқарылып жатқан жөндеу және құрылыс жұмыстарының барысын жақсы деп бағалады. * ![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/e7ed5f55c6a60eb56bb09ee3aff40d.jpg)

Бұл ретте Үкімет басшысы басқа өңірлер әлі қажетті қарқынды ала-алмай отырғанын атап өтті. «Мен өткен аптада Солтүстік Қазақстан облысына бардым. Жөндеу және құрылыс жұмыстарының қарқыны жақсы. Басқа өңірлер әлі қажетті қарқынды ала-алмай отыр. Тағы да еске саламын – жаз мезгілі қысқа, бәрін белгіленген мерзімде, әрі сапалы етіп жасауға біраз уақыт талап етіледі. Өкінішке қарай, жергілікті билік органдарының жұмысында салғырттық, шешім қабылдауда баяулық, ұйымдастыру ісінде әлсіздік байқалады. Әсіресе Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының белсенділігін арттыру қажет. Мерзімдерді мүлдем бұзуға болмайды», — деді Олжас Бектенов Сондай-ақ ол көптеген өңірлерде су тасқынына қарсы күреске пайдаланылған құм мен сазды, топырақ салынған қаптарды қайтадан алып, бәрін өркениетті түрге келтіру керек екенін айтты.

«Экологияға зиян келтірмес үшін барлық қапшықтарды алып тастап, кәдеге жарату қажет», — деді Үкімет басшысы.

[https://t.me/KZgovernment](https://t.me/KZgovernment)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kimet-basshysy-solt-stikti-batys-a-lgi-etti-1005514](https://yvision.kz/kk/post/kimet-basshysy-solt-stikti-batys-a-lgi-etti-1005514)