---
title: "Кім кінәлі?"
description: "Егер кеңестік нәубет болмағанда қазақ халқының саны шамамен 75 млн. адам болар еді. Нәубет дегенім 1..."
author: "Quanysh"
published: "2017-12-07T20:22:04+00:00"
modified: "2017-12-07T20:22:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kim-kin-li-788289"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kim-kin-li-788289/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кім кінәлі?

> Егер кеңестік нәубет болмағанда қазақ халқының саны шамамен 75 млн. адам болар еді. Нәубет дегенім 1...

Егер кеңестік нәубет болмағанда қазақ халқының саны шамамен 75 млн. адам болар еді. Нәубет дегенім 1920 және 1940 жылдар арасындағы ұлтымыздың тағдырына түскен жаңа экономикалық саясат, ұжымдастыру мен индустрализация және соның салдары ретіндегі репрессиялар мен ашашылық. 1897 жылы өткен Ресейдегі халық санағының ресми статистикасына қарасақ, өзбек ұлты 1 миллион 690 мың, тәжік ұлты 350 мың адамды құрапты. Сол уақытта қазақтың саны 3 миллион 745 мың адам болған екен. 120 жыл аралығында өзбек ұлты 31 есе көбейіп, 25 миллионға жетсе, осы күндері қазақ ұлтыда 20 есе көбейіп, 75 миллионға жетуі демографиялық заңдылық еді. Дегенменде Еліміздегі қазақ ұлтының саны 13 миллионға әрең жетті. 13 миллион дегенге таңғалманыз, мен таза қазақ саның көрсеттім. Әр бір ойы бар қазақ: «Бұған кім кінәлі»?

- деп сұрақ қойуы мүмкін. Істің шындығын айта келгенде, қазақтың демографиялық апатына, кеңес үкіметі басшыларының немқұрайлығы мен адам қатыгездігі кінәлі. Біріншіден тарихи оқиғалардың желісіне көз салайық. 1921 жылы көктемде РКП 10 – сьезінде «жаңа экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды». Себебі, азаматтық соғыстан қираған шаруашылық пен экономиканы түзету қажет болды. Жаңа саясатқа байланысты КСРО- да 1926 ж. ұжымдастыру басталды, оның басты мақсаты - мүліктің қоғам меншігінде болсын деген социализмнің қағидасын іске асыру болатын. Ұжымдастыру кезінде халықтың төрт түлігін тартып алып колхоздарға жинақтай берді. Бұндай жүйеге үйренбеген қазақ, өз қойларының 80% - нан айырылып қалды. 1927 жылы кеңес үкіметі индустрализацияға бағыт алfды. Заводтар салуға қажетті станоктарды, әрине Еуропадан тасыды. Батыс державалы техниканы, тек астыққа айырбастады. Соған орай кеңестер 1930 жылы 4 миллион 846 мың, 1931 жылы 5 миллион 182 мың тонна астықты Еуропаға сатты. Ұжымдастыру кезіндегі малдың қырылуы, индустрализация үшін сатылған астық, 1930 – 1933 жылдар арасындағы аштыққа алып келді. Қазақстандағы тұнғыш репрессия 1928 жылдан басталды. Өйткені 1925 ж. Қазақстан өлкелік партия комитетінін 1 -хатшысы болып келген Ф.И.Голощекин республиканың саяси-экономикалық және әлеуеттік жағдайымен танысқаннан кейін «Қазақстанға Ұлы Қазан революциясының ешқандай ықпалы болмады,сондықтан мұнда «Кіші Қазан» революциясын жасау керек» деген теріс қорытындыға келіп, республикада репрессиялык шаралар жүргізе бастайды . Ол ең алдымен ескі зиялыларға ауыз салады. Солардын ішінде қазақстандық Ә.Бөкейханов, Ж.Ақбаев , Ә.Ермеков болды. Қарағандыдағы екінші репрессия 1937-38 ж . жүргізілді .Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай репрессия басталған еді. Соның ызғары Қазақстанға да келіп жетті.

Ашаршылық себептерін әшкерлеп жазған М. Ғатаулин, Ғ.Мүсірепов, М.Дәулетқалиев ,Қ.Куанышев , Е.Алтынбековтер (бесеудің хаты) репрессияға ұшырады. Бұлардан басқа «Қарағанды ісі», «Қарқаралы ісі» деген жалған қылмыспен сан қазақ сотталды. 1937-1945 жылдар арасында Қазақ жеріне өзге ұлт өкілдерін кеңестер көшіріп әкеле бастайды. Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті. Бүгінгі Қазақстанда неліктен халықтың 65% ғана қазақ деген сауалдың жауабы осында жатыр. Депортация - халықтарды ассимиляциға түсіріп, жаңа кеңестік азаматты ойлап табу идеясынан туындаған, халықты ұлттық тамырынан айыруды ойластырған тағылық эксперимент болатын.

Қазақ ұлты өз тарихи жолында көптеген қиындықтар көрді. Қыл үстінде тұрған замандарда да, өз халқымызды сақтап қалдық. Ең бастысы осы тарихи оқиғаларға дұрыс, ең бастысы әділ баға беріп саралай білу.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kim-kin-li-788289](https://yvision.kz/kk/post/kim-kin-li-788289)