---
title: "КХДР жаңа ядролық қаруды сынақтан өткізді"
description: "Солтүстік Корея билігі АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кореяның жаттығуларына жауап ретінде Haeil-5-23..."
author: "jan.123"
published: "2024-01-19T07:30:30+00:00"
modified: "2024-01-19T07:31:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/khdr-zha-a-yadroly-arudy-syna-tan-tkizdi-1000073"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/khdr-zha-a-yadroly-arudy-syna-tan-tkizdi-1000073/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# КХДР жаңа ядролық қаруды сынақтан өткізді

> Солтүстік Корея билігі АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кореяның жаттығуларына жауап ретінде Haeil-5-23...

Солтүстік Корея билігі АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кореяның жаттығуларына жауап ретінде Haeil-5-23 су астындағы ядролық қару жүйесін сынап көрді. Бұл туралы Кореяның Орталық телеграф агенттігі хабарлады.

![КХДР жаңа ядролық қаруды сынақтан өткізді](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/ce106b9a2a4ab542039f409fe1cd87.jpg)

Фото: Global Look Press

"15 қаңтардан бастап үш күн бойы америкалық атом тасымалдаушысы Carl Vinson, көпфункционалды Aegis жауынгерлік жүйесімен жабдықталған Princeton крейсері, Жапонияның өзін-өзі қорғау отряды әскери-теңіз күштерінің кемелері мен Корея Республикасының әскери-теңіз күштері Чеджу аралының айналасындағы теңізде біріккен теңіз жаттығуларын қайта өткізді. Бұған жауап ретінде КХДР Ұлттық қорғаныс Академиясы жанындағы суасты қару-жарақ жүйелері институты Шығыс теңізінің су айдынында әзірленіп жатқан "Хэил-5-23" ядролық қаруының суасты жүйесін сынақтан өткізді", - агенттіктегілер.

2023 жылдың 24 наурызында «Корея дауысы» радиосы КХДР 21-23 наурыз аралығында жарылыстан кейін радиоактивті цунами тудыруы мүмкін ядролық зарядты тасымалдауға қабілетті жаңа суасты қаруын сынақтан өткізгенін хабарлаған болатын.

Оның миссиясы - су астында жасырын жүзу арқылы ауыр радиоактивті цунами тудырып, жаудың кемелер тобы мен портын жою.

kaz.inform.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/khdr-zha-a-yadroly-arudy-syna-tan-tkizdi-1000073](https://yvision.kz/kk/post/khdr-zha-a-yadroly-arudy-syna-tan-tkizdi-1000073)