---
title: "Кезекті семинар өтті"
description: "А.ж. 5 мамыр күні Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметші..."
author: "finpolsko"
published: "2017-05-05T07:28:12+00:00"
modified: "2017-05-05T07:28:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kezekti-seminar-tti-765912"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kezekti-seminar-tti-765912/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кезекті семинар өтті

> А.ж. 5 мамыр күні Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметші...

![Кезекті семинар өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/JMLc3m44aIYdSWUYnzOEWbQ941yZ3E.jpg)

А.ж. 5 мамыр күні Солтүстік Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің қызметшілеріне құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет туралы кейбір ҚР заңнамасының актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша дәріс өткізілді.

![Кезекті семинар өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/Xt6t57A059xOTFIaOrryRtJr251yJL.jpg)

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің СҚО бойынша Департаментінің бас маманы Г.Д. Сәрсембаевамен мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне енгізілген өзгерістер туралы, конкурс өткізу мәселелері және заңнаманы білу тестілеуінен өту бойынша ақпарат берілді.

![Кезекті семинар өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/q9ImH5rJCL7fxjcZMgtateUOCMFJvl.jpg)

Бұдан басқа "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне енгізілген өзгерістер түсіндірілді.

Қатысушылардың барлық түскен сұрақтарына қанағаттанарлық жауап қайтарылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kezekti-seminar-tti-765912](https://yvision.kz/kk/post/kezekti-seminar-tti-765912)