---
title: "КешYOU — Рухты ару сөзі"
description: "КешYOU - \"Рухты ару\" әнінің сөзі Ән арқылы табиғатпен тілдестім, Ән арқылы бабалармен үндеспін. ***..."
author: "inkut"
published: "2016-04-11T13:37:19+00:00"
modified: "2016-04-11T13:40:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/keshyou-ruhty-aru-s-zi-688611"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/keshyou-ruhty-aru-s-zi-688611/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# КешYOU — Рухты ару сөзі

> КешYOU - "Рухты ару" әнінің сөзі Ән арқылы табиғатпен тілдестім, Ән арқылы бабалармен үндеспін. ***...

**КешYOU - "Рухты ару" әнінің сөзі**

![](http://storage.yvision.kz/images/user/inkut/86UW2gOBf0Dp03xVtIN7jqT6bHMf5c.png)

**Ән арқылы табиғатпен тілдестім,**

**Ән арқылы бабалармен үндеспін.**

*******

Үйт жанға дауа, мөлдір таза суын іштім бұлақтың

Адалдықты, адамдықты жүрегіммен ұнаттым

Ахоооуууу Ахоооуууу

*******

Жеке дара шапқан, оза жүрек менің құмарым

Әсем әнмен тәтті күй ғой

Шын өмірлік сыңарым

Ахоооуууу Ахоооуууу Ахоооуууу

*******

**Қайырмасы**

Арғымақтың шабысындай

Тасқын судың ағысындай

Бағы қайтпас, сағы сындай

Қырандай самғар

Мәңгілік рухым бар

***

Баладаймын еркелеген

Желбіреген туымын

Жолдаспын мен бір бөліскен ыстығы мен суығын

Ахоооуууу Ахоооуууу Ахоооуууу

***

Барына да, жоғына да шыдай білген тектімін

Дауылдатып, құйындатар әлі қатты екпінім

Ахоооуууу Ахоооуууу Ахоооуууу

***

**Қайырмасы**

Арғымақтың шабысындай

Тасқын судың ағысындай

Бағы қайтпас, сағы сындай

Қырандай самғар

Мәңгілік рухым бар

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/keshyou-ruhty-aru-s-zi-688611](https://yvision.kz/kk/post/keshyou-ruhty-aru-s-zi-688611)