---
title: "Кеше болған тікұшақ апатынан Иран президенті мен..."
description: "Бүгін Иран президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақтың құлаған жері табылғаны туралы хабар тарады. Негізі, басында ол өте жайсыз қонды делінген еді. Фото: EPA / Иран президенті Ибрахим Раиси IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әуе кемесінің..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-05-20T03:27:28+00:00"
modified: "2024-05-20T03:30:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/keshe-bol-an-tik-sha-apatynan-iran-prezidenti-men-syrt-y-ister-ministri-aza-tap-an-1004778"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/keshe-bol-an-tik-sha-apatynan-iran-prezidenti-men-syrt-y-ister-ministri-aza-tap-an-1004778/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кеше болған тікұшақ апатынан Иран президенті мен...

> Бүгін Иран президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақтың құлаған жері табылғаны туралы хабар тарады. Негізі, басында ол өте жайсыз қонды делінген еді. Фото: EPA / Иран президенті Ибрахим Раиси IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әуе кемесінің...

*Бүгін Иран президенті Ибрахим Раиси мінген тікұшақтың құлаған жері табылғаны туралы хабар тарады. Негізі, басында ол өте жайсыз қонды делінген еді.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/696cd6ed3b442cc92370f17d66ad51.jpg)

*Фото: EPA / Иран президенті Ибрахим Раиси*

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әуе кемесінің сынықтары табылған. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылардың 60 тобы мен дрондар жұмылдырылды. Бірақ таулы жер мен қалың тұман бұл жұмысты қиындатып жіберді.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/ad5593b0489c6b24920a703351a9a3.jpg)

«Тікұшақ көрініп тұр. Оның жағдайы аса жақсы емес», - деді Иран Қызыл Жарты ай қоғамының басшысы Пир Хосейн Коливанд.

Артынан ол президент тікұшағында болған адамдардың бәрі қаза тапқанын хабарлады.

Кеше [Ибрахим Раиси мінген әуе кемесінің жерге жайсыз қонғаны](https://yvision.kz/kk/post/iran-prezidenti-mingen-tik-sha-iyn-zha-day-a-shyrady-1004774) туралы жазғанбыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/keshe-bol-an-tik-sha-apatynan-iran-prezidenti-men-syrt-y-ister-ministri-aza-tap-an-1004778](https://yvision.kz/kk/post/keshe-bol-an-tik-sha-apatynan-iran-prezidenti-men-syrt-y-ister-ministri-aza-tap-an-1004778)