---
title: "«Keruen City» ойын-сауық орталығы жаңа атауының тұсауын кесті"
description: "Бүгін \"Keruen City\" ойын-сауық орталығының жаңа атауының құрметіне мерекелік концерт өтті. Қазақтың..."
author: "aiman_syrlybai"
published: "2017-03-22T04:59:09+00:00"
modified: "2017-03-22T05:00:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/keruen-city-oyyn-sauy-ortaly-y-zha-a-atauyny-t-sauyn-kesti-760809"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/keruen-city-oyyn-sauy-ortaly-y-zha-a-atauyny-t-sauyn-kesti-760809/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Keruen City» ойын-сауық орталығы жаңа атауының тұсауын кесті

> Бүгін "Keruen City" ойын-сауық орталығының жаңа атауының құрметіне мерекелік концерт өтті. Қазақтың...

![«Keruen City» ойын-сауық орталығы жаңа атауының тұсауын кесті](https://storage.yvision.kz/images/user/aiman_syrlybai/0VbYN9BsCIMlQkccVROEYePDG9KUnr.jpg)

Бүгін "Keruen City" ойын-сауық орталығының жаңа атауының құрметіне мерекелік концерт өтті. Қазақтың жаңа жылы - әз Наурызбен орайластырыла жасалған мерекелік бағдарлама таңертеңнен бастау алды.Ойын-сауық орталығында киіз үй тігіліп, домбырамен әуезді ән орындалды.

Ұйымдастырушылар келген қонақтарға "Keruen Сity" ойын-сауық орталығының атынан сыйлықтар таратып, қызықты сайыстар мен ұтыс ойындарын өткізді.Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, түрлі спорттық ойындарға қатысуға мүмкіндік алды.Наурыз тойына арналған мерекелік бағдарлама кешке дейін жалғасын таппақ.Сағат 18:00-де Украинадан арнайы шақырылған қонақ MONATIK-тіңқатысуымен мерекелік концерт өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, "Мега" ойын-сауық орталығының атауы "Keruen Сity" болып өзгертілген болатын.Енді Қазақстанның өзге қалаларындағы "Mега" ойын-сауық орталықтары "Keruen Сity" болып аталмақ.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/keruen-city-oyyn-sauy-ortaly-y-zha-a-atauyny-t-sauyn-kesti-760809](https://yvision.kz/kk/post/keruen-city-oyyn-sauy-ortaly-y-zha-a-atauyny-t-sauyn-kesti-760809)