---
title: "Керемет сәтті кім ұрлайды"
description: "ВК:Жібек сізге жаңа хабарлама қалдырды. - Не істеп жатырсың? - Дала бүгін керемет ия? - Мен оны біле..."
author: "UpCity"
published: "2016-06-26T12:30:53+00:00"
modified: "2016-06-26T12:30:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/keremet-s-tti-kim-rlaydy-699603"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/keremet-s-tti-kim-rlaydy-699603/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Керемет сәтті кім ұрлайды

> ВК:Жібек сізге жаңа хабарлама қалдырды. - Не істеп жатырсың? - Дала бүгін керемет ия? - Мен оны біле...

ВК:Жібек сізге жаңа хабарлама қалдырды.

- Не істеп жатырсың?

- Дала бүгін керемет ия?

- Мен оны біле алмаймын ғой:) Есіңде болса біз екі қаладамыз. Арамызда 1000 шақырымдық қашықтық бар.

- Туф. Ұмытып кете беремін. Сонда да, даланың осы көрінісін сен көрсең керемет болар еді.

- Суретке түсіріп жіберсең болады.

- Жооқ! Біз қазіргі күнде осындай технологияларға қатты үйреніп кеткенбіз. Суретке әр керемет сәтті түсіремін деп жүріп, осы сәтті сезінуді ұмытып кетеміз. Бірер жылдан кейін, суретті көргенде жақсы көріністің болғаны еске түсер. Бірақ осы көріністің кереметін сезіну керек, ешқандай дүниеге алаңдамастан. Сол кезде, біраз жылдан кейін керемет сезім еске түседі, сол кездегі алған әсер еске түседі, қайта сезінеміз. Жарайды, мен кеттім кереметті көруге:) -Жақсы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/keremet-s-tti-kim-rlaydy-699603](https://yvision.kz/kk/post/keremet-s-tti-kim-rlaydy-699603)