---
title: "Керек осы адамға"
description: "Бүгін бе, болашақ па?! Ақылгөй кәрілік пе, бала шақ па?! Қиын-ау, өзің жатып жерошақта, Жансыз тән, ..."
author: "Anuarbek"
published: "2018-01-27T17:39:47+00:00"
modified: "2018-01-27T17:39:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kerek-osy-adam-a-794280"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kerek-osy-adam-a-794280/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Керек осы адамға

> Бүгін бе, болашақ па?! Ақылгөй кәрілік пе, бала шақ па?! Қиын-ау, өзің жатып жерошақта, Жансыз тән, ...

Бүгін бе, болашақ па?!

Ақылгөй кәрілік пе, бала шақ па?!

Қиын-ау, өзің жатып жерошақта,

Жансыз тән, жанарсыз көз - болашақта.

Әлде өмір сүрмекпісің бүгініңмен?!

Бүгіндік тірлік қуып, жүгірумен,

Өтпекпісің?! Қолыңды бір-ақ сілтеп,

Ұмытып болашақты түңілумен?!

Күн кешіп жығылумен, сүрінумен?!

О, өмір! О, неғылған сиқыр едің,

Қалай-қалай соғады құйты желің?!

Діңкелеп, шаршап келіп жантайғанда,

Тәтті бір түс көрсеткен ұйқы ма едің?!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kerek-osy-adam-a-794280](https://yvision.kz/kk/post/kerek-osy-adam-a-794280)