---
title: "Кенішінде адамдар қаза тапқан «Майқайыңалтын» АҚ серб олигархына тиесілі екен"
description: "Кенішінде сұмдық қайғылы оқиға болған «Майқайыңалтын» АҚ сербиялық кәсіпкерге тиесілі болып шықты...."
author: "seri.jigit"
published: "2024-01-12T06:23:22+00:00"
modified: "2024-01-12T06:26:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kenishinde-adamdar-aza-tap-an-may-ayy-altyn-a-serb-oligarhyna-tiesili-eken-999799"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kenishinde-adamdar-aza-tap-an-may-ayy-altyn-a-serb-oligarhyna-tiesili-eken-999799/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кенішінде адамдар қаза тапқан «Майқайыңалтын» АҚ серб олигархына тиесілі екен

> Кенішінде сұмдық қайғылы оқиға болған «Майқайыңалтын» АҚ сербиялық кәсіпкерге тиесілі болып шықты....

Кенішінде сұмдық қайғылы оқиға болған «Майқайыңалтын» АҚ сербиялық кәсіпкерге тиесілі болып шықты. Бұл туралы журналист, сарапшы Кирилл Павлов өзінің Facebook-тегі парақшасында айтты.

![Кенішінде адамдар қаза тапқан «Майқайыңалтын» АҚ серб олигархына тиесілі екен](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/e35593bb20fa53a4c4795d11a4ef83.jpg)

«Кенішіне автобус түсіп кетіп, одан адамдар қаза тапқан «Майқайыңалтын» АҚ қаптаған оффшорлық компаниялар арқылы сербиялық олигарх Милан Поповичке тиесілі. Онда ресейлік олигархтың үлкен үлесі бар болуы мүмкін.

2022 жылы компанияның жалпы табысы 13,2 миллиард теңге болған. Ал айналымы 25 миллиард теңге.

Солай бола тұра жұмысшыларына жұмсайтын ақшасы болмашы ғана. Мысалы, кадрларды дайындауға, олардың біліктілігін арттыруға 4,7 миллион теңге береді.

Әрі әлеуметтік міндеттемесі аз, келісімнің шарттары жайлы», – деп жазды сарапшы.

![Кенішінде адамдар қаза тапқан «Майқайыңалтын» АҚ серб олигархына тиесілі екен](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/823028f86794cc910b553d2490a18c.jpg)

![Кенішінде адамдар қаза тапқан «Майқайыңалтын» АҚ серб олигархына тиесілі екен](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/eff0e7ad6eeefae0eb2aeb8897a753.jpg)

facebook.com/bejvas

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kenishinde-adamdar-aza-tap-an-may-ayy-altyn-a-serb-oligarhyna-tiesili-eken-999799](https://yvision.kz/kk/post/kenishinde-adamdar-aza-tap-an-may-ayy-altyn-a-serb-oligarhyna-tiesili-eken-999799)