---
title: "«Кемеңгер көшбасшы» атты кездесу"
description: "«Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Тұң..."
author: "karasay.nurotan.kz"
published: "2021-11-01T04:21:18+00:00"
modified: "2021-11-01T05:04:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/keme-ger-k-shbasshy-atty-kezdesu-953021"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/keme-ger-k-shbasshy-atty-kezdesu-953021/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Кемеңгер көшбасшы» атты кездесу

> «Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Тұң...

«Атамекен» тарихи-мәдени орталығы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы мекемелер мен Қарасай ауданының мемлекеттік мекемелердің қызметкерлінің қатысумен «Кемеңгер көшбасшы» атты кездесу ұйымдастырды.

Биылғы жыл еліміз үшін мерейлі, себебі Тәуелсіздігіміздің 30-жылдығы, осыдан 30 жыл бұрын бастау алған еркін, азат және дербес Қазақстан Республикасының тарихы сіз бен біздің көз алдымызда алтын әріппен жазылып келеді. Алғашқы ауыр кезеңдердерді артта қалдырып, қазіргі дамыған, өркениетті елдердің қатарына қосылуымызға Тұңғыш Президентіміздің тигізген үлесі зор. Елбасының Салиқалы көп векторлы саясаты арқасында Еліміз әлем елдерінің арасында беделді, ынтымағы мен берекесі жарасқан мемлекетке айналды.

Осы орайда Н.Ә.Назарбаевтың туған жерінде бой көтерген «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында кездесудің өткізілуі символикалық маңызға ие. Кездесудің басты мақсаты Тұңғыш Президентіміздің есімі берілген мемлекеттік мекемелермен әріптестік қарым-қатынас орнату және орталығымызды таныстыру. Салаларымыз әр түрлі болғанымен бағытымыз бір - ол Еліміздің дамуына үлес қосу. Бүгінгі кездесу болашақтағы үлкен бірігіп атқаратын ауқымды іс-шараларымыздың бастамасы боларына сенімдеміз.

Салтанатты шараға Қарасай ауданының әкімінің орынбасары Сансызбаев Дулат Мұратұлы, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айтжанов Қаныбек Құлжабайұлы, Шамалған ауылдық округінің әкімі Тоқтасынов Ержас Серғазыұлы, Қарасай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дүйсенова Гүлжан Әділханқызы мен «Назарбаев Университеті» Алматы қаласындағы өкілдігінің аға менеджері Сагындыкова Жанна Советханқызы, «Нұрсұлтан Назарбаев» білім беру Қоғамдық қорының филиалы «Арыстан» мамандандырылған лицейінің оқу-әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Тоғызбаев Қуаныш Төлеубайұлы және Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Пайзов Ермек Серікұлы қатысты.

Былтырғы жылдан бері "Елбасы медалі" - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама іске асырылып келеді. Бұл 14 пен 29 жас аралығындағы жас және өршіл қазақстандықтарға арналған жоба!

Қатысушылар "алтын", "күміс" немесе "қола" деңгейлерін таңдайды және жеті бағыт бойынша дағдыларды дамытады – спорт, таланттарды дамыту, кітап оқу, Ұлттық мұра, еріктілік, туристік жорықтар және еңбек тәжірибесі. Әрбір өткен кезеңмен қатысушылар мықтырақ, талантты және сенімдірек болады, ал финалистер ең жоғары жеңістер үшін бастама болатын Елбасы медалін алады. Салтанатты шара соңында сондай бірегей жобаға қатысып «Елбасы медалінің» қола деңгейіндегі медалімен марапатталған ауылымыздың түлегі Тауипбаева Әсемай Адилханқызы жобадан алған әсерімен бөлісіп, өзінің «Елбасы Медалін» «Атамекен» орталығына табыстады.

– Елбасының бастауымен іске асырылып отырған жобаның қатысушылары үшін бұл – тарихи сәт. Осы орайда, Елбасымызға, жобаның барлық ұйымдастырушыларына, тәлімгерлерімізге айтар алғысым шексіз. Біздің дамуымызға, жаңа дағдылар алуымызға, кешеден гөрі жақсы болуымызға атсалысып, зор үлесін қосып келеді. Әлі талай белестер, алға қойған мақсаттар бар. Болашақ өмірімізге пайдалы бағдар, үлкен тәжірибе жинаймыз, – дейді Әсемай Тауипбаева.

Бүгінде бағытымыз белгілі, мақсатымыз айқын. Кездесу әріптестік қарым-қатынастың нығаюына үлкен септігін тигізеді деген ойдамыз.

#ұлттықмұра

#ұлттықмұрақарасайауданы

#тәуелсіздікке30жыл

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/keme-ger-k-shbasshy-atty-kezdesu-953021](https://yvision.kz/kk/post/keme-ger-k-shbasshy-atty-kezdesu-953021)