---
title: "Кеме қалған"
description: "\"КЕМЕ ҚАЛҒАН\"Сан ғасырлық заманның кескіні енген,Қазығұртта есепсіз ескі белдер.Әулиелі мекенді - \"К..."
author: "dauren84"
published: "2019-09-30T14:05:55+00:00"
modified: "2019-09-30T14:05:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/keme-al-an-841594"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/keme-al-an-841594/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кеме қалған

> "КЕМЕ ҚАЛҒАН"Сан ғасырлық заманның кескіні енген,Қазығұртта есепсіз ескі белдер.Әулиелі мекенді - "К...

"КЕМЕ ҚАЛҒАН"

Сан ғасырлық заманның кескіні енген,

Қазығұртта есепсіз ескі белдер.

Әулиелі мекенді - "Кеме қалған",

Көзбен көрген артық, мың естігеннен.

Киелі бел бойында "Кеме қалған",

Әлемге аңыз, тарихы терең ол маң.

Тіршіліктің бастауы - Қазығұрттан

Тарау алған екен ең көне жолдар.

Ұшар шыңға топан су жұтпай қалған,

Тоқтапты кеп кемесі Нұх (а.с.) пайғамбар.

Бүгіндері киесін Казығұрттың,

Әлі күнге жүр кейбір ұқпай жандар.

Мазалайтын бұл аңыз кімді-дағы,

Шықпаса да толықтай шындығы әлі,

Әлемдегі әзіргі пенде біткен,

Қазығұрттан тараған сынды бәрі!

Жетер ме екен ескінің уәжі жұртқа,

Бөлінсек те нәсілге, қазір ұлтқа,

Адамзаттың барлығы бауыр болар,

Аталары өнген соң Қазығұртта.

Болжам айтса ел өршиді расында дау,

Дәлелдене ол бүгінде басылған-ау.

Дүние есігі ашылған екінші рет,

"Кеме қалған" Қазығұрт басында анау!

Қасиетті келгенмен кез келген жер,

Қазығұрттай тау тапшы, өзге елдерден.

"Кеме қалған" жайында әркімнен бір

Естігеннен мың артық көзбен көрген.

Дәурен АЙМАНБЕТОВ

![Кеме қалған](https://storage.yvision.kz/images/user/426037/1c7a1ba08e49710aa8f3833ade04dd.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/keme-al-an-841594](https://yvision.kz/kk/post/keme-al-an-841594)