---
title: "Келли Павлик: Головкинге Альвареспен айқасу керек, Котто тым кішкентай"
description: "АСТАНА. ҚазАқпарат — Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Келли Павлик қазақстандық Геннадий Головк..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-07-07T23:18:35+00:00"
modified: "2015-07-07T23:18:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kelli-pavlik-golovkinge-alvarespen-ay-asu-kerek-kotto-tym-kishkentay-519493"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kelli-pavlik-golovkinge-alvarespen-ay-asu-kerek-kotto-tym-kishkentay-519493/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Келли Павлик: Головкинге Альвареспен айқасу керек, Котто тым кішкентай

> АСТАНА. ҚазАқпарат — Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Келли Павлик қазақстандық Геннадий Головк...

# [!\[Келли Павлик\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/07/20150707210502-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/07/20150707210502.jpg)

АСТАНА. ҚазАқпарат — Орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Келли Павлик қазақстандық Геннадий Головкин жайлы, сондай-ақ оның Мигель Котто және Сауль Альвареспен кездесу мүмкіндігі туралы пікірін білдірді.

Келлидің пайымдауынша, қазақстандыққа бәсекелес бола алатын жалғыз боксшы — Альварес. Өйткені Котто орта салмақ үшін тым жеңіл.

«Қазір Головкин Альвареспен күш сынасуы керек деп ойлаймын. Бұл жекпе-жекте ол өз мүмкіндігін көрсете алады. Ол аса қабілетті деген пікірдемін, алайда Канеломен кездесуде бұған тағы бір көз жеткізуіміз керек», — деген Павликтің сөзін келтіреді Boxingscene.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kelli-pavlik-golovkinge-alvarespen-ay-asu-kerek-kotto-tym-kishkentay-519493](https://yvision.kz/kk/post/kelli-pavlik-golovkinge-alvarespen-ay-asu-kerek-kotto-tym-kishkentay-519493)