---
title: "Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз."
description: "2012 жыл, Лондон 2016 жыл, Рио-де-Жанейро. Жазғы Олимпиада ойындары. Ал, әзірге, 2014 жылдың аялда..."
author: "Abitaevna"
published: "2014-11-08T14:15:21+00:00"
modified: "2014-11-08T21:14:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kelesi-ayaldama-almaty-chempiondar-syrt-a-shy-amyz-438427"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kelesi-ayaldama-almaty-chempiondar-syrt-a-shy-amyz-438427/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.

> 2012 жыл, Лондон 2016 жыл, Рио-де-Жанейро. Жазғы Олимпиада ойындары. Ал, әзірге, 2014 жылдың аялда...

**2012 жыл, Лондон**

**2016 жыл, Рио-де-Жанейро. Жазғы Олимпиада ойындары.**

Ал, әзірге, 2014 жылдың аялдамасы Алматыда болмақ. 8-қараша күні Оңтүстік Астанада ауыр атлетикадан әлем Чемпионаты басталды. 2 жыл бұрын доп қуалап, қара терге малшынатын ағылшын мырзаларға нағыз қара күштің иесін танытқан спортшыларымыз үшін тағы да тақым қысатын уақыт келді. АПЛ-дың ала добы еске түспей тұрғанда, ауыр атлетикамен тағы да таныс болайық.

Оңтүстік Астана, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, 1-күн. Негізгі бәсеке таңертең 9-дан бастап өткенімен, жұлқу мен серіппе "өнерінің" ресми ашылуы 17:30-дан басталды.

Оған дейін, баспасөз-мәслихат залы, 16:30

![Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/6HuR1PlXFr999wzrw15OOn5u0MLu8x.jpg)

![Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/sRwxgmJ3BRBpCHu7926P9dAAp1800j.jpg)

17:30, Ашылу салтанаты. Қазақ эстрадасының әншілері Балуан Шолақтағы бәйгеден маңыздырақ шараға дайындалып жатқан болса керек. Әзірге (естіген құлақта жазық жоқ) "Тринидад" тобы, "Привет" әнімен...

![Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/3t83v7LTT8czTvsVkaMRL7CzeV3X4u.jpg)

Алматының апорты, қасиетті киіз үй. Арнайы шоу-бағдарлама (Әншілерге экранда қажет болған-ау?!)

![Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/p3cLteiEz8fhEtG1IPNj6eHjx1M172.jpg)

![Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/7b0tMmptEO4512ZSq8mQ3358ldXpD1.jpg)

Естеріңізге ешнәрсе түсірмей ме?

![Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/CeNxVPmHEwrRQdkdEM60F994HVar9P.jpg)

![Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/Hg9Wh9Z8vu0Mz0uTJ272x0h8e7hfaX.jpg)

Чемпионатқа қатысушы елдердің парады. Жаңа технологияның тағы бір ғаламаты.

![Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/CKaCgbd3IdDnA8qlV9Q790LbrB24f6.jpg)

![Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/2mo4VnQdXz6N9G7F082Ka9bX3ts0gJ.jpg)

![Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/ucTyZTtFDDi9H03X0uckS32n10Mvs8.jpg)

Кез-келген шарадағы негізгі "еңбек күші". Волонтерлер барынша сыпайы, қалағаныңды тауып, сұрағаныңды айтып береді. Тек кейбіріне Чемпионат өтетін орынның картасы толық жетпей қалған тәрізді.

![Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/geYUk3cw8gO38h6gym2FKvo0DnaNVu.jpg)

![Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/tysR8MDdv34e4uE608U7C0qfXvoBuX.jpg)

Колумбиядан келген қонақтар

![Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/J7QY9q6523yU09ZG78rfRkDQa72u3R.jpg)

![Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/D7OdubMyHJjt0JIjs20CZiMKk0glpk.jpg)

Қырғызстанның еңбек сіңірген тренері - Владимир Николаевич. "Бір кездері ауыр атлетикадан Қырғызстанның құрамасы алдыңғы қатарда болатын. Қазір -әлсіз. Тұрмыс қиындады, экономика құлдырады. Спорттан да қуат қашты" дейді ол.

![Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/wYMMjJLbW1Pga7wie61R09tO5kS4a9.jpg)

Біздің мақтаныш, біздің үміт, біздің қыз!

![Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/Rn4PJdUJyD351pNeBUTM0VKld6Q0rZ.jpg)

Бұл уақытта залда. 19:00

![Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/zUQxX1IHxnTxppBDL21tyI26zKsVGZ.jpg)

![Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/26M8wqcK31PRl0BM8bLEb2yX9bLlSU.jpg)

![Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/PFJOHYzwrsLuI0K0PB9cXtnaNc1OX2.jpg)

Вьетнамдық Тач Ким Туан. 1994 жылғы, Вьетнам азаматы. Жастар арасында жұлқа және серпи көтеруден жаңа рекорд орнатты.

![Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/1w6HT03LRH54T18du8bCT403VY0xU0.jpg)

Алғашқы үміт. Арли Шонтей, 1992 жылғы. 4-орында тұрғанда, үштікке ілінер-ау деп үміттенгенімен, 6-шы орын иеленді. Серік Сәпиевте бірден Олимпиада чемпионы болған жоқ. Мойыма!

![Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/35X9FqWix435eq936z5599wcn9A0Op.jpg)

Жеңімпаздар.

![Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/QT9ON6j9VE5O0MRytq89b7TbvPioCy.jpg)

Ом Юн Чол (Солтүстік Корея) - 296 (128+168)

![Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/d6tpO0Qq3Y5GjX79bok89i2SM1kuvE.jpg)

Тач Ким Туан (Вьетнам) - 296 (135+161)

Кинкуан Лонг(Қытай) - 293 (133+160)

![Келесі аялдама — Алматы. Чемпиондар, сыртқа шығамыз.](https://storage.yvision.kz/images/user/abitaevna/0zsyQCXJyImdWoZY46Q1f3L1Tgni8P.jpg)

Алдағы апта Алматыдан жаңалық күтіңіздер!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kelesi-ayaldama-almaty-chempiondar-syrt-a-shy-amyz-438427](https://yvision.kz/kk/post/kelesi-ayaldama-almaty-chempiondar-syrt-a-shy-amyz-438427)