---
title: "«Кел, ойнайық!» — қазақ тілі сабағы"
description: "Павлодар қаласы, «№126 сәбилер бақшасы – балалардың эстетикалық даму орталығы» МҚКК А.А. Тукенова, ..."
author: "aiman67"
published: "2017-11-07T07:42:02+00:00"
modified: "2017-11-07T07:42:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kel-oynayy-aza-tili-saba-y-784166"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kel-oynayy-aza-tili-saba-y-784166/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Кел, ойнайық!» — қазақ тілі сабағы

> Павлодар қаласы, «№126 сәбилер бақшасы – балалардың эстетикалық даму орталығы» МҚКК А.А. Тукенова, ...

Павлодар қаласы,

«№126 сәбилер бақшасы –

балалардың эстетикалық

даму орталығы» МҚКК

А.А. Тукенова, қазақ тілі мұғалімі

Топ: Мектепалды даярлық.

Білім беру саласы: Коммуникация.

Бөлім: Қазақ тілі.

Тақырып: Кел, ойнайық!

Мақсаты: Тақырыптар бойынша алған білімдерін бекіту.

Міндеттері: 1.Байланыстырып сөйлеу әрекетін жаттықтыру.

2.Тән дыбыстарды дыбыстау кбілетін дамыту.

3.Тіл үйренуге қызығушылықтарын арттыру.

Сөздік жұмысы: тақырыптар бойынша үйренген сөздерді қайталау.

Құралдар: слайд, жеке карточкалар, текше, деңгейлік карточкалар, майшаммен салынған суреттер, деңгейлік карточкалар.

Үш тілдік компонент: сәлеметсіңдер ме - Hello – здравствуйте, сау болындар - good-bye – досвидания.

 

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

1.*Сұрақ-жауап:*

-Сенің атың кім? -Менің атым – Света.

-Сен неше жастасың? -Мен алты жастамын.

-Қазір қай жыл мезгілі? -Көктем мезгілі.

Мұғалім:- Дұрыс, қазір көктем мезгілі. Көктем туралы кім айтып бере алады?

2.*Монолог*. (слайд арқылы)

-Көктем келді. Күн жылынды. Қар еріді. Құстар ұшып келді.

 

**ІІ. Жаңа сабақ.**

1.-Балалар, біз бүгін «Не?Қайда? Қашан?» - ойын арқылы өткен тақырыптарды естеріне түсіреміз.

2. **«Зырылдауықты» айналдырып, тапсырмаларды орындайды.**

* *«Не артық?»* (жеке жұмыс) –жабайы аңдар және құстар тақырыбы бойынша.

Қасқыр, қоян, қарға - суреттері.

-Не артық?

-Қарға артық.

 

**»Бұл не?»* (жеміс, көкөністер) **Сипаттау әдісі.**

Балалар сипаттаған жеміс, не көкөністі атайды. Содан кейін мұғалім майшаммен салынған суретті сулайды, шыққан жеміс, көкөністі балалардың жауаптарымен салыстырады.

-Қызыл, домалақ, тәтті, ағашта өседі. (алма)

-Жасыл, сопақ, дәмді, жерде өседі. (қияр)

**3.Сергіту сәті.**

Шеңберге біз тұрайық,

Достарым кел билейік.

Артқа қадам, алға қадам

Орнымыздан бұрылып .

** «Балабақша қандай?»* **Кубизм әдісі**

-Балабқша үлкен.

-Балабақша әдемі.

-Балабақша екі қабатты.

-Балабақша таза.

 

(Ортаға бір бала шығып, балалардың айтқанын тексереді).

 

***Деңгейлік тапсырмалар:** «Отбасы» тақырыбы бойынша

- «Бұл кім?» - *1-ші деңгей*

(балалар, отбасы мүшелерін атайды)

-Бұл -ата.

Бұл – ана.

-Бұл – әке.

 

-«Үйде кім бар?» *2-ші деңгей*

-Үйде анам, әкем, ағам бар.

-Үйде атам, әжем, анам, әкем, қарындасым бар. т.б.

 

-«Сөзді тап» - *3-ші деңгей*

ТАА – (ата), КЕӘ (әке)

 

ІІІ. Қорытындылау.

Рефлексия: «Бес саусақ » әдісі арқылы сабақты аяқтау.

Мадақтау. Қоштасу.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kel-oynayy-aza-tili-saba-y-784166](https://yvision.kz/kk/post/kel-oynayy-aza-tili-saba-y-784166)