---
title: "Кедейдің бір байлығы – туған жері."
description: "Ниет қылсақ, Андағайлап Анадолы асып алысқа шаппасақ та, арыдағы Алакөл мен берідегі Ыстықкөлге бір..."
author: "Beibit_Sarybai"
published: "2018-02-04T21:18:29+00:00"
modified: "2018-02-04T21:18:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kedeydi-bir-bayly-y-tu-an-zheri-795315"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kedeydi-bir-bayly-y-tu-an-zheri-795315/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кедейдің бір байлығы – туған жері.

> Ниет қылсақ, Андағайлап Анадолы асып алысқа шаппасақ та, арыдағы Алакөл мен берідегі Ыстықкөлге бір...

Ниет қылсақ, Андағайлап Анадолы асып алысқа шаппасақ та, арыдағы Алакөл мен берідегі Ыстықкөлге бір барып қайтуға болады. Бірақ, жамалмаған жыртықтар тұрғанда төрт дүниесі түгел адам құсап, төрткүл дүниені түгендеп жүрсек, өзге түгілі өзім деген жанашырларым-ақ «осынікі не талтаң» дер еді. Ең тыныш туған жер. Бір шетінен балалық шағың өткен қасиетті топыраққа деген сағынышыңды басып, айызыңды қандырып, балаларыңа атамекенін тағы бір мәрте көрсетіп қайтасың. Содан не керек, тартып отырдық. Алғашында балакүнімізден бірге өсіп келе жатқан достарымызбен балалы-шағалы болып бардық. Келесіде кейін табысқан қалалық достармен салт барып, салт қайттық. 1-сапар.

Ақпарат көзі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kedeydi-bir-bayly-y-tu-an-zheri-795315](https://yvision.kz/kk/post/kedeydi-bir-bayly-y-tu-an-zheri-795315)