---
title: "«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында жыл сайынғы «Жан Шуақ» ХҚ сыйлығымен марапаттау"
description: "«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында жыл сайынғы «Жан Шуақ» халықаралық қоғамдық сыйлығымен..."
author: "zhangali.nurotan.kz"
published: "2022-12-06T04:55:37+00:00"
modified: "2022-12-06T04:55:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kedergisiz-keleshek-partiyaly-zhobasy-ayasynda-zhyl-sayyn-y-zhan-shua-h-syyly-ymen-marapattau-980175"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kedergisiz-keleshek-partiyaly-zhobasy-ayasynda-zhyl-sayyn-y-zhan-shua-h-syyly-ymen-marapattau-980175/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында жыл сайынғы «Жан Шуақ» ХҚ сыйлығымен марапаттау

> «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында жыл сайынғы «Жан Шуақ» халықаралық қоғамдық сыйлығымен...

«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында жыл сайынғы «Жан Шуақ» халықаралық қоғамдық сыйлығымен салтанатты марапаттау рәсімі туралы

8 желтоқсанда Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында «АМАNАТ» партиясының қолдауымен «Қазақстан мүгедектер конфедерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен «Жан Шуақ» халықаралық қоғамдық сыйлығының 15-ші мерейтойлық жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Байқау жеңімпаздарын марапаттау 7 номинация бойынша жүргізілетін болады.

• «Спорт саласындағы аса үздік жетістіктері үшін»

• «Кәсіпкерлік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін»

• «Мүгедектігі бар адамдарға қатысты қоғамдық сананың оң өзгеруіне қосқан үлесі үшін»

• «Күшті жігері және жеңіске талпынысы үшін»

• «Мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері үшін»

• «Мүгедектігі бар адамдардың ғылым мен білім беру қызметін дамытуға қосқан үлесі және оқуға талпынысы үшін»

• «Өнер саласындағы аса үздік жетістіктері үшін»

Қосымша ақпараттар бойынша 8701 555 74 07 байланыс нөміріне хабарласуға болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kedergisiz-keleshek-partiyaly-zhobasy-ayasynda-zhyl-sayyn-y-zhan-shua-h-syyly-ymen-marapattau-980175](https://yvision.kz/kk/post/kedergisiz-keleshek-partiyaly-zhobasy-ayasynda-zhyl-sayyn-y-zhan-shua-h-syyly-ymen-marapattau-980175)