---
title: "Кедергісіз келешек"
description: "Жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, аудандық парт..."
author: "syrym.nurotan.kz"
published: "2023-04-28T07:49:20+00:00"
modified: "2023-04-28T07:49:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kedergisiz-keleshek-987725"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kedergisiz-keleshek-987725/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кедергісіз келешек

> Жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, аудандық парт...

Жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, аудандық партиялық бақылау тобы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өкілдерімен бірге Жымпиты ауылында мәдениет нысанына барып мониторинг жүргізді. Сараптама қорытындысы бойынша аудандық мәдениет үйі ғимаратының сахнасына мүгедек жандар үшін қайтадан бейімдеу керек екені ескертілді. Аталған нысанның есіктері мен әжетхана бөлмелерінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдай жасалған. Зағип жандарға арналған брайль қаріптер, пандустар мен тіреуіштер стандартқа сай. #AMANAT

![Кедергісіз келешек](https://storage.yvision.kz/images/user/443611/3ee82074e2c5201efe940ebf7856db.jpg)

![Кедергісіз келешек](https://storage.yvision.kz/images/user/443611/7e774ff1cd008d4aa6dfccf85ac958.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kedergisiz-keleshek-987725](https://yvision.kz/kk/post/kedergisiz-keleshek-987725)