---
title: "«Кедергісіз болашақ»"
description: "Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен, «Алматы» студенттер Альянс..."
author: "almaty_jastary"
published: "2018-10-29T06:48:43+00:00"
modified: "2018-10-29T06:48:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kedergisiz-bolasha-817906"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kedergisiz-bolasha-817906/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Кедергісіз болашақ»

> Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен, «Алматы» студенттер Альянс...

Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен, «Алматы» студенттер Альянсы» ұйымының ұйымдастыруымен «Кедергісіз болашақ» жобасы аясында «Атакент Молл» ОСО-да бұқаралық би шарасы болып өтті. Аталмыш шараның мақсаты денсаулығы бойынша мүмкіндігі шектеулі жастардың бос уақытын тиімді өткізу, көңіл-күйлерін көтеру, қоғаммен тығыз байланыс орнату болып табылады.

Аталмыш шарада Алматы қалалық Дельфий ойындарының екі дүргін жеңімпаздары «Сармат» би тобы мүмкіндігі шектеулі жастардың көңілін көтеріп, бірге би қимылдарын үйретті. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жастар өз өнерлерін ортаға салып, би кешін одан әрі қыздыра түсті. Шара барысында қатысушыларға ойын ойнатылып, конкурстар ұйымдастырылды. Шара соңында қатысушыларға кофе-брейк ұйымдастырылды.

Қатысушылар шараның жоғары деңгейде өткеніне алғыс айтып тарқысты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kedergisiz-bolasha-817906](https://yvision.kz/kk/post/kedergisiz-bolasha-817906)