---
title: "Кеденде 165 миллиард теңгенің заңбұзушылығы анықталды - Бас прокуратура"
description: "«Кедендік төлемдерді төлеуден жалтару және тауарларды жалған декларациялау деректері анықталды, соны..."
author: "usergoogle106130794574359253877"
published: "2022-05-03T06:44:18+00:00"
modified: "2022-05-03T10:46:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kedende-165-milliard-te-geni-za-b-zushyly-y-any-taldy-bas-prokuratura-965931"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kedende-165-milliard-te-geni-za-b-zushyly-y-any-taldy-bas-prokuratura-965931/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кеденде 165 миллиард теңгенің заңбұзушылығы анықталды - Бас прокуратура

> «Кедендік төлемдерді төлеуден жалтару және тауарларды жалған декларациялау деректері анықталды, соны...

«Кедендік төлемдерді төлеуден жалтару және тауарларды жалған декларациялау деректері анықталды, соның салдарынан мемлекетке 165 миллиард теңге залал келтірілді. Тек Қытаймен шекаралас кеден бекеттерінде тауарларды жалған декларациялаудың 367 дерегі анықталды», - делінген хабарламада.

Уәкілетті экономикалық операторлар кәсіпкерлерді салықтан жалтару үшін соңғы екі жылда 221 миллиард теңгенің шот-фактураларын қолдан жасағаны хабарланды.

«Тексеру жүргізілген бір айдың ішінде жалпы құны 800 миллион теңге болатын контрабанданың 16 дерегі анықталды. Мысалы, Group Of The Companies Tda ЖШС жүктерін тексеру кезінде жалпы құны 287 миллион теңгенің декларацияланбаған тауары анықталды. ЖШС директоры М. қамауға алынды», - деді баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз іс-әрекеттер дерегі тіркелген.

«Биыл 27 қаңтарда «Берекет Логистик» ЖШС жүгін қайта тексеру кезінде прокуратура қызметкері құны 127 миллион теңге болатын 22 тонна контрабанданы анықтады, ал «Нұр жолы» кеден бекетінің маманы Мошканов алғашқы тексеру жүргізіп, декларацияланбаған тауардың салмағы тек 337 келіні көрсетті», - деді Бас прокуратура.

Жоғарыда аталған деректер бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кедендік реттеу саласындағы проблемаларды жою үшін үкіметке прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kedende-165-milliard-te-geni-za-b-zushyly-y-any-taldy-bas-prokuratura-965931](https://yvision.kz/kk/post/kedende-165-milliard-te-geni-za-b-zushyly-y-any-taldy-bas-prokuratura-965931)