---
title: "Кеден одағы нарығына ұлттық брендтегі өнімдерді шығару керек"
description: "АСТАНА. 12 тамыз. Стратегиялық зерттеулер институты экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Бе..."
author: "Egemen"
published: "2014-08-14T22:27:34+00:00"
modified: "2014-08-14T22:27:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/keden-oda-y-nary-yna-ltty-brendtegi-nimderdi-shy-aru-kerek-425283"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/keden-oda-y-nary-yna-ltty-brendtegi-nimderdi-shy-aru-kerek-425283/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кеден одағы нарығына ұлттық брендтегі өнімдерді шығару керек

> АСТАНА. 12 тамыз. Стратегиялық зерттеулер институты экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Бе...

АСТАНА. 12 тамыз. Стратегиялық зерттеулер институты экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Бела Сырлыбаева қазақстандық агроөнеркәсіптік кешен қатысушыларына Кеден одағы елдеріне ұлттық брендтегі өнімдерді шығаруды ұсынды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады.

Орталық коммуникациялар қызметіне өткен брифингте Бела Сырлыбаева: «Кеден одағы нарығына кірудің ең әлеуетті салаларын атайтын болсақ, олар: мал шаруашылығы, астық және тамақ өнеркәсібі. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы біздің ел үшін таңсық емес, оның қалыптасқан көп жылғы дәстүрі бар. Тамақ өнеркәсібіне келетін болсақ, мұнда ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуді қарыштату керек. Біз ұлттық брендімізбен кіруіміз шарт және оған күшіміз жетеді. Мәселен, қазақстандық нан немесе ұлттық ет өнімін неге сатпасқа?!» – деді.

Б.Сырлыбаеваның айтуынша, агроөнеркәсіптік кешен саласында ұлттық бренд құрып, оны ары қарай Кеден одағы елдеріне, тіпті алыс шетелдегі нарықтарға шығару үшін Қазақстанда агромаркетингті дамыту қажет.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/keden-oda-y-nary-yna-ltty-brendtegi-nimderdi-shy-aru-kerek-425283](https://yvision.kz/kk/post/keden-oda-y-nary-yna-ltty-brendtegi-nimderdi-shy-aru-kerek-425283)