---
title: "Кеден импортталған тауарларды әкелудің жаңа тәртібін түсіндіреді"
description: "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешімінің күшіне енуіне байланысты, қазақстандық импорттауш..."
author: "KTK_MF_RK"
published: "2013-08-07T22:45:29+00:00"
modified: "2013-08-07T22:45:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/keden-importtal-an-tauarlardy-keludi-zha-a-t-rtibin-t-sindiredi-367689"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/keden-importtal-an-tauarlardy-keludi-zha-a-t-rtibin-t-sindiredi-367689/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Кеден импортталған тауарларды әкелудің жаңа тәртібін түсіндіреді

> Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешімінің күшіне енуіне байланысты, қазақстандық импорттауш...

**Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешімінің күшіне енуіне байланысты, қазақстандық импорттаушылар кедендік декларациясымен қатар кеден органдарына Кеден одағының міндетті талаптарына әкелінген тауарлардың сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.**

**Кеден ісі саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарын жан-жақты түсіндіруге біз ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының бастығы Өмірзақ Көбегенұлы Бейіспековпен сұрадық. **

- **Өмірзақ Көбегенұлы, қазіргі кезде міндетті сертификациялауға жататын тауарларға өтініш-декларацияны қабылдауды кеден органдары қызметкерлерінің қабылдамауына байланысты туындаған жағдайлар көптеген кәсіпкерлерді алаңдатуда. Бұл неге байланысты, жағдайды түсіндіріңізші.**

- Иә. Расында сәйкестігін міндетті бағалауға жататын тауарларды кедендік декларациялау кезінде өтініш-декларация қабылданбайды, бұл техникалық реттеу саласындағы Кеден одағының заңнамасының талаптары. Атап айтқанда, Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленуге қатысты өнімдерді (тауарларды) Кеден одағының кедендік аумағына әкелу тәртібі туралы ережемен.

Бұл норма Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен регламенттелген.

Кедендік декларациямен біруақытта кеден органына осындай өнімдердің міндетті талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар, немесе осындай құжаттар туралы мәліметтерді ұсынылады. Бұндай құжаттарға: сәйкестік сертификаты немесе Кеден одағының техникалық талаптарына немесе аумақтарда өнімдерді (тауарларды) кедендік рәсімдерге орналастыратын мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкестігі туралы декларация жатады.

Өзге құжаттарды қолдану Одақтық және ұлттық заңнамамен регламенттелмеген.

- **Бүгінде УСҚ-да сертификациялауға жататын, әкелінген тауарларды орналастыруға байланысты көптеген шығындарды кәсіпкерлер тартуда. Олардың көбі сертификациялауды жүргізе алмайтынына наразылық білдіруде, себебі сәйкестікті растау бойынша органдар тауарды көрсетуді талап етеді. Айтыңызшы, осындай жағдайда кәсіпкерлерге не істеу керек?**

- зерттеу мен сынақты жүргізу мақсатында сынамалар мен үлгілерді іріктеу мүмкіндігі Қазақстан Республикасының Кеден кодексінде көзделгенін білу қажет.

Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 247-бабының бөлігінде, мүдделі тұлғалар және бақылаушы мемлекеттік органдар кеден органының рұқсатымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін іріктеп алуға құқылы.

Бұл ретте, сынамалар түрінде зерттеу жүргізу үшін қажетті қолайлысы тауар немесе тауар бөлігі қарастырылады, үлгілер ретінде – құрылымына, құрамына және барлық партиялардың қасиеттеріне, тауардың (өнімнің) серияларына, не бірлі-жарым объектісіне сәйкес тауардың (өнімнің) бірлігі.

Алайда, тауарлардың сынамалары мен үлгілерін алуға, егер осындай алулар:

кедендік бақылауды жүргізуді қиындатпаса;

тауарлардың сипаттамасын өзертпесе;

өзімен кедендік төлемдерді, салықтарды төлеуден жалтармаса немесе тыйым салулар мен шектеулерді сақтамауға тартпаса рұқсатты кеден органы беретініне назар аударуды сұраймыз.

**-Айтыңызшы, ұзақ уақытты алатын сертификациялау жүргізуге қатысты тауарлар қалай болады? Бұл тауарларды УСҚ-да сақтау едәуір қымбатқа түседі, және көптеген кәсіпкерлер бір ай, не екі ай ішінде тауарларын УСҚ-да сақтауға мүмкіндіктері болмайды.**

-Иә, біз түсінеміз, УСҚ-да сақтау импортерлер үшін қосымша шығын, алайда Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында баламалы тәртіптер көзделген. Яғни, СЭҚ-қа қатысушылар міндетті талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарды алуды күтуі кезінде өз тауарларын УСҚ-да сақтауға мүлде міндетті емес.

Біріншіден:

Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 265-бабына сәйкес тауарға қатысты өкілеттіктері бар тұлғаның жазбаша өтініші бойынша тауарларды уақытша сақтау алушының қоймасында жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл үшін уақытша сақтау орындары немесе қоймалары иелерінің тізіліміне енуі міндетті емес.

Екіншіден:

Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 301-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әкелінген тауарлар шартты түрде шығарылуы мүмкін.

Пайдалану және (немесе) билік ету жөніндегі шектеулерге қатысты еркін айналымға тауарларды шығару үшін қажетті лицензиялар, сертификаттар, рұқсаттар және (немесе) өзге де құжаттарды табыс етуге байланысты ішкі тұтыну үшін шығарудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар шартты түрде шығарылған тауарлар болып саналады.

Сонымен, СЭҚ-қа қатысушы кедендік декларацияны беруге, барлық есептелген төлемдер мен салықтарды төлеуіне болады, кеден органдары барлық қажетті рәсімдерді жүргізеді және тауарларды шартты шығарады.

Бұл ретте, тек тауарлардың сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынғаннан және кедендік декларацияға түзету енгізгеннен кейін ғана шартты түрде шығарылған тауарлар Кеден одағының тауарлары мәртебесін алады, бұл сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынғанға дейін үшінші тұлғаларға, оның ішінде оларды сату немесе өзге де тәсілмен иеліктен шығару жолымен беруге, сондай-ақ оларды кез келген нысанда пайдалануға (қолдануға, тұтынуға) тыйым салынатынын білдіретінін ескеру қажеттігін сұраймын.

Егер қандай да бір себептермен шартты түрде шығарылған тауарлар сертификацияланбаған жағдайда осы тауарларға қатысты кері әкету қажеттілігі туындайды, онда бұдан бұрын төленген төлемдер мен салықтар кері қайтарылмайтын мүмкіндігі бар. Бұл кері экспорт кедендік рәсімі кеден заңнамасымен көзделген белгілі шарттарды сақтау кезінде қолданылуы мүмкін екеніне байланысты.

**-Көптеген кәсіпкерлердің пікірі бойынша, осындай құжат өтініш-декларацияны қолдану кедендік ресімдеу процессін барынша оңайлатты?**

- Өтініш-декларацияны қолдану СЭҚ-қа қатысушылары үшін және сондай-ақ кеден органдарына да қолайлы болды. Бірақ, мен түсіндіргендей, Қазақстан Республикасында бүгінгі күнге өтініш-декларацияны кедендік рәсімдеу кезінде қолдануды көздеген Заң не нормативтік құқықтық актілер жоқ. Жалпы алғанда бұл мәселе техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органының, атап айтқанда Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Техникалық реттеу комитетінің құзыретіне кіреді.

Сертификация бойынша зерттеу мен сынақтың аяқталуын күтпей кедендік декларациялауды жүргізуге мүмкіндік беретін құжаттарды қолдану мүмкіндігі мәселесі ағымдағы жылғы 24 шілдедегі Кедендік бақылау комиетінің, Техникалық реттеу және метрология комитетінің, бизнес-құрылымдардың, сондай-ақ «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте талқыланды.

Техникалық реттеу және метрология комитеті «іске асыру құқығынсыз сәйкестік сертификаты» нысанын енгізуге қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын Үкіметке енгізуі туралы шешім қабылданды. Бұл құжат сертификацияның нәтижесін күтпей кедендік декларациялауды жүргізуге мүмкіндік береді.

- ** Сұхбатыңыз үшін рахмет.**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/keden-importtal-an-tauarlardy-keludi-zha-a-t-rtibin-t-sindiredi-367689](https://yvision.kz/kk/post/keden-importtal-an-tauarlardy-keludi-zha-a-t-rtibin-t-sindiredi-367689)