---
title: "Kcell мен Activ абоненттері ең белсенді онлайн-қарыз алушылар болды"
description: "«Робот Займер» Аналитикалық орталығының жүргізген зерттеуіне сәйкес, 2017 жылдың басынан бастап онла..."
author: "Zaimer"
published: "2017-04-12T03:56:37+00:00"
modified: "2017-04-12T03:56:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kcell-men-activ-abonentteri-e-belsendi-onlayn-aryz-alushylar-boldy-763263"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kcell-men-activ-abonentteri-e-belsendi-onlayn-aryz-alushylar-boldy-763263/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Kcell мен Activ абоненттері ең белсенді онлайн-қарыз алушылар болды

> «Робот Займер» Аналитикалық орталығының жүргізген зерттеуіне сәйкес, 2017 жылдың басынан бастап онла...

***«Робот Займер»*** ***Аналитикалық орталығының жүргізген зерттеуіне сәйкес******, 2017*** ***жылдың басынан бастап онлайн-қарыздарды алуға өтінімдердің ең көбі*** ***Kcell*** ***мен*** ***Activ*** ***абоненттерінен келіп түсті.***

Зерттеу барысында сарапшылар 2017 жылдың басынан бастап берілген 9 мыңнан астам онлайн-қарыздар өтінімдеріне талдау жасады.

Зерттеудің нәтижелері қарыз алушылардың саны клиенттердің жалпы санының 38,79%-ын құраған “Kcell” және “Activ” ұялы операторларының абоненттерінде онлайн-несиелендіру қызметі неғұрлым танымал екендігін көрсетті. Сонымен қатар, осында өткен жылдың сәйкес кезеңіне есептегендегі өсім 13%-ды құрады.

Екінші орында - Tele2 желісінің абоненттері (37,27%). Осы қарыз алушылардың саны 2016 жылдың басымен салыстырғанда 14,68%-ға артты. Beeline абоненттері 2017 жылдың басынан бастап 22,13%-ға онлайн-қарыздар рәсімдеді, бұл көрсеткіш 4,25%-ға артты. Қарыздардың ең аз санын 1%-ға өсе отырып, Altel желісі абоненттері (жалпы санынан 1,8%-ы) рәсімдеді.

Сондай-ақ, осы үрдістің сақталып келе жатқандығын айта кеткен жөн. 2016 жылы көшбасшылық орындарды Activ пен Kcell абоненттері де иеленген ғаламтор-несиелендірудегі белсенділік тренді байқалды – рәсімделген қарыздардың 46,65%-ы осы ұялы оператор нөмірлері иелерінің үлесіне тиесілі болды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kcell-men-activ-abonentteri-e-belsendi-onlayn-aryz-alushylar-boldy-763263](https://yvision.kz/kk/post/kcell-men-activ-abonentteri-e-belsendi-onlayn-aryz-alushylar-boldy-763263)