---
title: "«Kazsport» волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың ойындарын тікелей эфирде көрсетеді"
description: "Ойындар 21-26 желтоқсан аралығында Өскемендегі жекпе-жек сарайында өтеді. 21-26 желтоқсан аралығынд..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-12-21T12:42:41+00:00"
modified: "2015-12-21T12:42:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kazsport-voleyboldan-yelder-arasynda-y-ltty-ligany-oyyndaryn-tikeley-efirde-k-rsetedi-669219"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kazsport-voleyboldan-yelder-arasynda-y-ltty-ligany-oyyndaryn-tikeley-efirde-k-rsetedi-669219/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Kazsport» волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

> Ойындар 21-26 желтоқсан аралығында Өскемендегі жекпе-жек сарайында өтеді. 21-26 желтоқсан аралығынд...

Ойындар 21-26 желтоқсан аралығында Өскемендегі жекпе-жек сарайында өтеді.

![«Kazsport» волейболдан әйелдер арасындағы Ұлттық лиганың ойындарын тікелей эфирде көрсетеді](https://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/zgGI7u2egs5bS0Cf9bfU1IS5j8Gls2.jpg)

21-26 желтоқсан аралығында Өскеменде Ұлттық лигада сынға түсетін әйелдер арасындағы волейболдан Қазақстан чемпионатының 3-ші тур ойындары өтеді.

Әзірге 2 турдың қорытындысы бойынша чемпионатта 22 ұпаймен «Астана» клубы көш бастап тұр. 2-ші орында 19 ұпай жинаған павлодарлық «Иртыш-Казхром» командасы келеді. Ал, үздік үштікті өткен маусымның чемпионы талдықорғандық «Жетісу» клубы түйіндеп тұр (18 ұпай).

Сонымен қатар, чемпионаттың 4-ші сатысында 15 ұпаймен «Алматы», 5-ші орында өскемендік «Алтай» келеді. Ал, 5 ұпай иеленген «Қарағанды» біріншілікті түйіндеп тұр.

Ойындар 21-26 желтоқсан аралығында Өскемендегі жекпе-жек сарайында өтеді. Турдың барлық матчтарын «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

ТРАНСЛЯЦИЯ КЕСТЕСІ:

21 желтоқсан

13:50. «АСТАНА» - «ҚАРАҒАНДЫ»

15:50. «ЖЕТІСУ» - «АЛМАТЫ»

17:50. «ИРТЫШ-КАЗХРОМ» - «АЛТАЙ»

 

22 желтоқсан

10:50. «ҚАРАҒАНДЫ» - «АЛМАТЫ»

12:50. «АСТАНА» - «ИРТЫШ-КАЗХРОМ»

15:00. «АЛТАЙ» - «ЖЕТІСУ»

 

23 желтоқсан

13:50. «ИРТЫШ-КАЗХРОМ» - «ҚАРАҒАНДЫ»

15:50. «ЖЕТІСУ» - «АСТАНА»

18:00. «АЛМАТЫ» - «АЛТАЙ»

 

25 желтоқсан

13:50. «АСТАНА» - «АЛМАТЫ»

16:00. «ИРТЫШ-КАЗХРОМ» - «ЖЕТІСУ»

18:05. «ҚАРАҒАНДЫ» - «АЛТАЙ»

 

23 желтоқсан

10:50. «ЖЕТІСУ» - «ҚАРАҒАНДЫ»

12:50. «АЛМАТЫ» - «ИРТЫШ-КАЗХРОМ»

14:55. «АЛТАЙ» - «АСТАНА»

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kazsport-voleyboldan-yelder-arasynda-y-ltty-ligany-oyyndaryn-tikeley-efirde-k-rsetedi-669219](https://yvision.kz/kk/post/kazsport-voleyboldan-yelder-arasynda-y-ltty-ligany-oyyndaryn-tikeley-efirde-k-rsetedi-669219)