---
title: "«Казконтент» АҚ баспа бұқаралық ақпарат құралдарына конференция өткізетіні туралы хабарлайды"
description: "Конференция уақыты: 9:00-де, 29 қыркүйек 2014 ж. Өтетін орны: Алматы қ, «Қазақстан» қонақ үйінің к..."
author: "AdilNazar"
published: "2014-10-01T09:34:00+00:00"
modified: "2014-10-07T23:20:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/kazkontent-a-baspa-b-araly-a-parat-raldaryna-konferenciya-tkizetini-turaly-habarlaydy-431550"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/kazkontent-a-baspa-b-araly-a-parat-raldaryna-konferenciya-tkizetini-turaly-habarlaydy-431550/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Казконтент» АҚ баспа бұқаралық ақпарат құралдарына конференция өткізетіні туралы хабарлайды

> Конференция уақыты: 9:00-де, 29 қыркүйек 2014 ж. Өтетін орны: Алматы қ, «Қазақстан» қонақ үйінің к...

Конференция уақыты: 9:00-де, 29 қыркүйек 2014 ж.

Өтетін орны: Алматы қ, «Қазақстан» қонақ үйінің конференц-залы

2014 жылғы 29 қыркүйекте «Казконтент» АҚ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің қолдауымен баспа бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) Интернетке шығару жобасы аясында «Жаңа медиа: баспа БАҚ-тың болашағы» тақырыбында жыл сайын өтетін конференция ұйымдастыруда.

«Казконтент» АҚ мемлекеттік компаниясы қазақстандық Интернет желісі сегментінде бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру және дамыту концепциясын іске асыру мақсатында 2009 жылы құрылды. «Баспа бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) Интернетке шығару» жобасы мемлекет тарапынан қолдау тауып, баспа БАҚ-тың Интернет жүйесінде дамуына бағытталған. Жобаның басты мақсаты: баспа БАҚ-ты отандық ақпарат кеңістігінде бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру және интернет-ресурстар әзірлеу арқылы баспа БАҚ-ты Интернетке шығару.

Конференция жоба қатысушыларын белсенділікке тарту арқылы оларға ақпараттық және техникалық қолдау көрсету және аймақтарда мультимедиялық журналистиканы дамытуға септігін тигізуге арналған.

Конференция барысында интернет-редакциялардың құрылу принциптері, мультимедиялық журналистиканың маңыздылығы, Интернеттің журналистикаға тигізетін әсері талқыланатын болады. Сондай-ақ, Интернет жүйесіндегі авторлық құқық және интернет-ресурстардың монетизациясы сияқты тақырыптар қозғалады.

Толық ақпаратты біздің [www.webpress.kz](http://www.webpress.kz/). интернет-ресурстан анықтай аласыз.

Жоба координаторы: Жакина Ә.Е.

Тел.: +7717 2 79-82-36 ішкі номер 136

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/kazkontent-a-baspa-b-araly-a-parat-raldaryna-konferenciya-tkizetini-turaly-habarlaydy-431550](https://yvision.kz/kk/post/kazkontent-a-baspa-b-araly-a-parat-raldaryna-konferenciya-tkizetini-turaly-habarlaydy-431550)